PolyU ректорымен кездесуге қатысты

PolyU ректорымен кездесуге қатысты

2022 жылғы 11 қарашада ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулы Алмас Сейтақыновтың Гонконг политехникалық университетінің (одан әрі - PolyU) ректоры Jin-Guang Tengпен кездесуі өтті.

Келіссөздер барысында тараптар отандық университеттермен қарым-қатынастар орнату, екі елдің студенттеріне алмасу бағдарламалары бойынша білім алуға жәрдемдесу, PolyU-да қазақстандық студенттерге гранттар санын көбейту мүмкіндіктерін талқылады. Сондай-ақ, қытай тілінен синхронды аудармашылар мамандарын дайындау бойынша курстарына ҚР азаматтарын жұмылдыруға қол жеткізді.

Кездесу соңында тараптар ынтымақтастықты белсенді дамытуға келісті.

*Гонконг политехникалық университеті дүниежүзіндегі ең үздік 100 университеттерінің арасында 65-ші орынды алып, Қытайдың серпінді техниалық университеті болып табылады. Қазіргі таңда PolyU-де 50-ден аса қазақстандық студенттер білім алуда.