Гонконг АӘА Үкіметінің Білім беру бюросының министрінің Чой Юклинмен кездесу

Гонконг АӘА Үкіметінің Білім беру бюросының министрінің Чой Юклинмен кездесу

         2022 жылғы 1 қарашада ҚР-дың ҚХР Гонконг және Макао АӘА-ғы Бас консулы А.Сейтақыновтың Гонконг АӘА Үкіметінің Білім беру бюросының Хатшысы Чой Юклинмен кездесуі өтті.

         Келіссөздер барысында тараптар қазақстандық студенттердің Гонконг университеттерінде алмасу бағдарламалары бойынша білім алу, қытайлық студенттерге қазақ тілі курстарын ұйымдастыру, қытай тілінен синхронды аудармашыларды дайындау мүмкіндіктерін және екіжақты ынтымақтастықтың басқа да перспективаларын талқылады.