2025 жылғы 12 маусым Гонконг – ҚР Бас консулдығы, Алматы қаласының Туризм басқармасы және қазақстандық туристік операторлар Гонконгтағы «International Travel Expo» (ITE) халықаралық туристік көрмесіне қатысты.
Көрмеге 500-ден астам шетелдік туристік ұйымдар мен компаниялар қатысып, сондай-ақ 30-дан астам мемлекет өз павильондарын ұсынды.
Іс-шара барысында компаниялар Қазақстанның туристік әлеуетін кеңінен таныстырды, қытайлық және гонконгтық серіктестермен байланыс орнатып, ҚР-ға туристерді тарту бойынша өзара іс-қимылды жандандыруға келісті.