Гонконгта Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

Гонконгта Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды

2025 ж. 22 мамырда Гонконгта Астана мен Гонконг арасындағы іскерлік байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ, жаңа серіктестіктерді қалыптастыруға және шетелдік кәсіпкерлерді АХҚО алаңы арқылы бірлескен жобаларды іске асыруға бағытталған «AIFC Connect» бизнес іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға Гонконг компанияларының 150-ден астам өкілі, соның ішінде банктердің, инвестициялық және сақтандыру компанияларының топ-менеджменті қатысты.

Іс-шара барасында Қазақстанның капитал нарығының болашағы, Орталық Азия аймағындағы қаржылық қызметтердің ландшафты және инвесторлардың құқықтарын қорғау, халықаралық деңгейдегі дауларды шешу тетіктерін ұсынудағы АХҚО-ның бірегей рөлі туралы салалық сарапшылардың қатысуымен бірқатар пікір алмасулар ұйымдастырылды.

Кешті АХҚО Басқарушысы Ренат Бектұров пен Гонконг үкіметінің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жөніндегі уәкілі Николас Хо алғысөздермен ашты. Бұдан кейін CICC Ғаламдық институтының басқарушы директоры Ян Чжао іс-шара қатысушыларына Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық тақырыбында шолу жасады.

Бүгінгі таңда АХҚО-да Гонконгтан құрылыс, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет, қаржы қызметтері мен сақтандыру, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, көлік, білім беру, тау-кен өнеркәсібі және басқа да салаларда жұмыс істейтін 14 компания тіркелген.