Хельсинки, 2025 жылғы 9 мамыр – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимов 1960 жылы Ханко қаласында орнатылған Кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Қазақстандық дипломат өз сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыста Жеңіске жетудегі қазақ халқының елеулі үлесін атап өтіп, майдан даласында шайқасқан жүздеген мың қазақстандықтардың ерлігі мен қаһармандығын, сондай-ақ жалпы жеңіске елеулі үлес қосқан тыл еңбеккерлерінің өлшеусіз еңбегін ерекше көрсетті.
Ханкодағы жаппай қабірде 1939-1940 жылдардағы кеңес-фин соғысы мен Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан 453 офицердің, сарбаздардың және әскери тұтқындардың сүйектері жатыр. 1969 жылы Ханкодағы қаза тапқан кеңес жауынгерлеріне арналған ескерткіш Кеңес Одағынан тыс жерде ең әдемі ретінде халықаралық сыйлыққа ие болды.