Екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде Қазақстан мен Финляндия арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту

Екіжақты ынтымақтастықтың күн тәртібінде Қазақстан мен Финляндия арасындағы азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты дамыту

Хельсинки, 2025 жылғы 29 сәуір - Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов «Finnair» штаб-пәтеріне барып, әуекомпанияның вице-президенттері Антти Толванен және Сами Лахденсуомен кездесті.

Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Қазақстан Елшісі екі ел арасындағы сауда-экономикалық, мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайту үшін, сондай-ақ, В2В деңгейіндегі байланыстарды жандандыру үшін Астана мен Хельсинки арасындағы тікелей рейстерді қалпына келтірудің маңыздылығын атап өтті.

Тараптар маршрутты жаңарту мүмкіндіктерін пысықтау туралы уағдаласты және Қазақстан мен Финляндия арасындағы туристік және іскерлік сапарлардың өсіп келе жатқан әлеуетін атап өтті.