«Наурыз - көктем мерекесі»: көктем Хельсинкидің жүрегінде орнады

«Наурыз - көктем мерекесі»: көктем Хельсинкидің жүрегінде орнады

Хельсинки 2025 жылғы 26 наурыз - Хельсинкинің әйгілі «Savoy» театрында Наурыз мерекесіне арналған «Nauryz-Celebration of Spring» концерті өтті. Іс-шараны Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі Қызылорда облысы Әкімдігі мен Филармониясының қолдауымен ұйымдастырды.

ҚР-дың Финляндиядағы Елшісі А.Әбдіраимов өзінің құттықтау сөзінде Наурыздың көктем мерекесі ғана емес, сондай-ақ жаңару, халықтар достығы мен бірлігінің символы екенін атап өтті. Қазақстандық дипломат музыка ұрпақтар мен халықтар арасындағы көпір болып табылатынын, ал мәдениет адамдарды жақындастырып, берік байланыстар жасай алатын бірегей қабілетке ие екенін айтты. Ол осы кешті ерекше еткен барлық әртістерге, ұйымдастырушыларға және қонақтарға алғысын білдірді.

Концертке 450-ден астам көрермен қатысып, олардың арасында ФР мемлекеттік органдарының, дипломатиялық корпустың өкілдері, фин жұртшылығы, сондай-ақ қазақ диаспорасы болды. Қазақстанның әртістері көрермендерге дәстүрлі қазақ халық әндері мен домбыра, қобыз және басқа да аспаптарда ұлттық музыканы шебер орындауды қамтитын жарқын бағдарлама ұсынды.

Іс-шара қонақтары Қазақстанның бай мәдени мұрасымен танысып, қайталанбас әуендер мен ерекше вокалдық қойылымдардан ләззат алды.

«Nauryz - Celebration of Spring» концерті Қазақстан мен Финляндия арасындағы достық байланысты нығайтатын маңызды мәдени оқиға болды