Хельсинки, 2025 жылғы 17 наурыз - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның ірі «Metso» компаниясының басшылығымен – Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша Президенті Рено Лапуантпен және тау-кен өнеркәсібі және металлургия жөніндегі Президенті Пииа Кархумен кездесті.
«Metso» тау-кен байыту жабдықтарын өндірумен айналысады және тау-кен өндіру саласында қолданылатын озық технологиялар мен тұрақты даму технологияларының шешімдері, кешенді шешімдер мен сервис саласындағы әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания Қазақстанда 30 жылдан астам белсенді жұмыс істеп келеді.
Кездесу барысында тараптар серіктестіктің қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективаларын талқылады. Компанияның Қазақстандағы қызметі шеңберінде инвестициялық ынтымақтастықты нығайту және жергілікті қамтуды кеңейту мәселелеріне басты назар аударылды. Еліміздің тау-кен өндіру секторының тиімділігін арттыруға бағытталған перспективалы жобаларды іске асыру жөніндегі мүмкіндіктерді қарауға ерекше назар аударылды.
Тараптар ынтымақтастықты кеңейту шеңберінде өзара іс-қимылды жандандыруға деген өзара көзқарасты растады.