
Хельсинки, 2026 жылғы 13 сәуір – Қазақстанның энергетика саласындағы делегациясы Финляндияға жұмыс сапарымен келді. Делегация құрамына ҚР Энергетика министрлігінің, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Түркістан облыстары әкімдіктерінің өкілдері кірді.
Сапар аясында Финляндияның Экономика және жұмыспен қамту министрлігінде кездесу өтті, оның құзыретіне энергетикалық саясат және энергетикалық секторды дамыту мәселелері кіреді.
Кездесуде ҚР Елшісі Қазақстанның энергетикалық даму саласындағы басымдықтарын, сондай-ақ екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің өзекті бағыттарын ұсынды.
Әңгімелесу барысында энергетика саласындағы, оның ішінде жаңартылатын энергия көздері саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, «жасыл» экономиканы дамыту және энергия тиімділігін арттыру перспективалары талқыланды.
Биомассаны, қалдықтарды және басқа да баламалы энергия көздерін пайдалануды қоса алғанда, тұрақты орталықтандырылған жылумен жабдықтау жүйелерін дамытудағы финдік тәжірибеге ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша әріптестікті одан әрі тереңдетуге, тәжірибе алмасуды кеңейтуге және энергетика секторында бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілік расталды.