
Хельсинки, 2026 жылғы 10 сәуір – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Республикасы Әділет министрлігінің Сайлау және демократия мәселелері жөніндегі департаментінің басшысы Никлас Вилхелмссонмен кездесті.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасын Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа редакциясын қабылдау жөніндегі республикалық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті. Құжатта билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, парламенттік жүйені дамыту және азаматтардың қоғамдық-саяси процестерге қатысуын кеңейтуге бағытталған өзгерістер көзделгені атап өтілді. Осы тұрғыда бір палаталы парламенттік модельге көшу, оның ішінде Финляндия секілді қалыптасқан демократиялық институттары бар елдердің тәжірибесін ескере отырып жүзеге асырылатыны айтылды.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси және конституциялық реформалары аясында жүзеге асырылып жатқан бұл өзгерістер мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіруге, соның ішінде сайлау рәсімдері мен оларды өткізу тетіктерін дамытуға бағытталғаны ерекше атап өтілді.
Фин тарапы екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді. Атап айтқанда, бейінді мемлекеттік органдар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ сайлау технологиялары мен құқықтық реттеу саласындағы озық тәжірибемен алмасу мәселелері қолдау тапты.