Қазақстан мен Финляндия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Финляндия ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда

Хельсинки, 2026 жылғы 16 ақпан – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені саласындағы делегациясы ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы бастаған құрамда Финляндияға жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамына ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің өкілдері, сондай-ақ аграрлық бизнес қауымдастығының өкілдері кірді.

Сапар аясында Финляндияның Ауыл және орман шаруашылығы министрлігінде және «EastCham Finland» халықаралық сауда палатасында талқылаулар, сондай-ақ фин компанияларымен жеке кездесулер өтті.

Кездесулер барысында тараптар агроөнеркәсіптік саладағы әріптестікті кеңейту әлеуетін талқылады, оның ішінде уәкілетті органдар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру, озық тәжірибелермен алмасу, инновациялық шешімдерді енгізу, сондай-ақ агроөндірістің экологиялық тұрақтылығын сақтай отырып өнімділікті арттыру мәселелері қарастырылды.

Қазақстан мен Финляндия арасындағы іскерлік өзара іс-қимылды дамыту, атап айтқанда, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мақсатында B2B байланыстарын жандандыру, талқылаудың басты бағыттарының бірі болды.

Ауыл шаруашылығы техникасын әлемдік жетекші өндірушілердің бірі «Valtra» компаниясымен келіссөздер ерекше маңызға ие болды, оның барысында әріптестікті дамытудың одан әрі практикалық қадамдары талқыланды.

Сапар қорытындысы бойынша диалогты жалғастыру, кейінгі бизнес-байланыстарды ұйымдастыру және нақты бірлескен жобаларды пысықтау жөніндегі мүмкіндіктерді қарау туралы уағдаластықтарға қол жеткізілді.