
Хельсинки, 2025 жылғы 5 желтоқсан – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Парламентінің Спикері Юсси Халла-ахомен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады.
Казақстандық дипломат елде жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік өзгерістер, оның ішінде азаматтық саладағы демократиялық реформалар туралы жан-жақты ақпарат берді. Сондай-ақ ол Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктерімен таныстырып, жоспарланып отырған парламенттік реформалар жөнінде хабардар етті.
Өз кезегінде Ю.Халла-ахо Қазақстанның сыртқы саяси белсенділігі мен халықаралық бастамаларға қатысуын жоғары бағалады. Ол сондай-ақ екі елдің парламенттік достық топтарының заң шығарушы органдар арасындағы пікір алмасу мен байланыстарды кеңейтуге тұрақты алаң қалыптастырып отырғанын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша 2026 жылы парламенттік делегациялардың өзара сапарларын ұйымдастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.