
Хельсинки, 2025 жылғы 3 желтоқсан – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Парламентіндегі Достық тобының мүшелерімен кездесті.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың жағдайы мен дамуының перспективаларын, соның ішінде қазақ-фин парламенттік ынтымақтастығын талқылады.
Казахстандық дипломат екіжақты күн тәртібінің басым бағыттары және 2025 жылғы 28-29 қазанда Астана қаласына Финляндия Республикасының Президенті А.Стуббтың ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар жөнінде хабардар етті.
Елші Қазақстанның сенімді қатынастар мен көпқырлы әріптестік аясындағы қарқынды ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейілді екенін атап өтті.
Достық тобының жетекшісі В.Скинари Мемлекет басшысының реформалары мен бастамаларына қолдау білдіріп, Қазақстанда алдағы парламенттік реформаларды даярлау және іске асыру барысында парламентаризм бойынша тәжірибе алмасуға Финляндияның белсенді түрде қатысуға дайын екенін мәлімдеді.