Хельсинки, 2025 жылғы 26 тамыз – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Кеден қызметінің Басшысы Сами Ракшитпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты қатынастардың жан-жақты аспектілерін талқылап, қолданыстағы байланыстарды нығайту және кеден саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мен жетілдіруге берік құқықтық негіз құру қажеттігін атап өтті.
Елші Қазақстанның Финляндиямен практикалық ынтымақтастықты кеңейтудегі мүдделілігін атап өтті, сонымен қатар кеден саласындағы өзара іс-қимылды нығайту екіжақты сауда-экономикалық байланыстардың дамуына септігін тигізетінін жеткізді.
Соңында тараптар серіктестікті тереңдетуге дайын екендіктерін білдіріп, кеден саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тұрақты диалогты қолдаудың маңыздылығын растады.