Қазақ тазысы алғаш рет Хельсинки қаласында өткен Дүниежүзілік иттер көрмесінде таныстырылды

Қазақ тазысы алғаш рет Хельсинки қаласында өткен Дүниежүзілік иттер көрмесінде таныстырылды

Хельсинки, 2025 жылғы 8 тамыз – 2025 жылғы 7–10 тамыз аралығында Хельсинки қаласында «World Dog Show 2025» атты Дүниежүзілік иттер көрмесі өтті. Көрме аясында алғаш рет ресми түрде халықаралық деңгейде қазақ тазысының таныстырылымы өтті.

Қазақ ұлттық тұқымын қатаң критерийлер бойынша іріктелген және халықаралық деңгейде өнер көрсетуге барынша дайындалған 8 қазақ тазысы ұсынады.

Көрме барысында ҚР Финляндиядағы Елшілігі мен ҚР кинологтар одағы бірлесіп, қазақ мәдениеті күндерін өткізді. Бұл күндер көрменің мәдени бағдарламасының маңызды бөлігіне айналды. Ұлттық стендте қазақ тазысының тарихи шығу тегі, өзіндік ерекшеліктері мен Қазақстанның мәдени мұрасы ретіндегі маңызы туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды.

Көрермендер безендірілген буклеттер, ақпараттық материалдар мен бейнепрезентациялар арқылы Қазақстанның бай мәдениетімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен және табиғатымен танысуға мүмкіндік алды. Қонақжайлық аймағында ұсынылған ұлттық тағамдар мен қазақ тұрмысының элементтері ерекше қызығушылық тудырды. Бұл аймақта әрбір келуші еліміздің өмір салты мен дәстүрлі құндылықтарына жақын таныса алды.

«World Dog Show 2025» көрмесіндегі қазақ тазысының таныстырылымы осы ерекше тұқымды халықаралық деңгейде танымал ету жолындағы маңызды қадам болды және көрме қатысушылары мен қонақтарының үлкен қызығушылығын тудырды.