Хельсинки, 2025 жылғы 3 маусым – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия делегациясының төрайымы, Финляндия Парламентінің депутаты Миапетра Кумпула-Натримен кездесті.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық, білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге, сондай-ақ Еуропа Кеңесі мен ЕҚЫҰ-ны қоса алғанда, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аудара отырып, екіжақты қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.
Ә.Әбдіраимов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, құқық үстемдігі, сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының маңызды аспектілері туралы айтып берді.
Миапетра Кумпула-Натри Қазақстанда жүргізіліп жатқан қоғамдық-саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап, олардың елдің ішкі дамуы және халықаралық контексте де маңыздылығын атап өтті.