Хельсинки, 2025 жылғы 22 мамыр - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимовтың Финляндияның Евангелиялық-лютерандық шіркеуінің басшысы Тапио Лууомамен кездесуі өтті.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізіліп жатқан дінаралық диалог саясатымен, 2025 жылғы қыркүйекте өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VIII Съезімен таныстырды, сондай-ақ Т.Лууомға ҚР Парламенті Сенатының төрағасы М. Әшімбаевтың атынан ресми шақыру тапсырды.
Евангелиялық-лютерандық шіркеудің басшысы шақырғаны үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстанның толеранттылықты нығайтуға және діндердің бейбіт қатар өмір сүру идеясын ілгерілетуге бағытталған күш-жігерін жоғары бағалай отырып, алдағы Съезге қатысатынын растады.