Хельсинки, 2025 жылғы 12 наурыз - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов «Honka» компаниясының штаб-пәтерінде болып, Бас директор Марко Саарелайненмен кездесті.
«Honka» – экологиялық тазалыққа, энергия тиімділігіне және тұрақты дамуға баса назар аудара отырып, құрылыс саласындағы инновациялық шешімдерді ұсынатын жетекші фин компаниясы.
Кездесу барысында тараптар туризм саласындағы заманауи шешімдерге ерекше назар аудара отырып, компанияның Қазақстанда кеңеюі перспективаларын талқылады.
Қазақстандық дипломат Қазақстан нарығындағы қолайлы инвестициялық мүмкіндіктер мен оның әлеуеті туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Қорытындысында тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға және бірлескен жобаларды талқылауға дайын екендіктерін білдірді.
Хельсинки, 2025 жылғы 6 наурыз - Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимовтың фин соғыс құрбандарын еске алу қауымдастығының төрағасы Пертти Суоминенмен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан және жоғалған жауынгерлерді еске алуға құрметпен қараудың, кеңестік әскери тұтқындардың, оның ішінде Қазақстаннан келгендердің тағдырын зерделеу бойынша зерттеу жұмыстарын жалғастырудың маңыздылығын атап өтті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңін зерделеу бойынша ғылыми-зерттеу, археологиялық және мұрағаттық-іздестіру жұмыстарымен айналысатын қазақстандық қоғамдық бірлестіктермен ынтымақтастық орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.
П.Суоминен Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан және жоғалған қазақстандық жауынгерлердің жерленген жерлерін іздеуде екіжақты өзара іс – қимылдың ұзақ және оң дәстүрлерін, зерттеушілердің мұрағат саласындағы белсенді жұмысын атап өтті. Ол сондай-ақ Қарағанды лагерінде тұтқында қаза тапқан фин әскери тұтқындарының қабірлеріне құрметпен қарағаны үшін Қазақстанға алғысын білдірді.
Хельсинки, 2024 жылғы 19 ақпан – Кеден саласындағы екіжақты қатынастарды нығайту аясында Қазақстан Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндияның Кеден қызметіне (Tulli) барып, оның Басшысы Сами Ракшитпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың негізгі аспектілері бойынша пікір алмасты және өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың және кеден саласындағы шарттық-құқықтық базаны кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.
Сондай-ақ, Қазақстан мен Финляндия арасындағы кедендік қатынастарды одан әрі дамыту мақсатында белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға өзара дайындық білдірілді.
Хельсинки, 2024 жылғы 14 ақпан – Қазақстанның Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Президентінің Кеңесшісі Вилле Бруммермен кездесу өткізді.
Әңгімелесу барысында тараптар 2024 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев пен Финляндия Республикасының Президенті А. Стубб қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыруды қоса алғанда, екіжақты қатынастардың негізгі аспектілерін қарастырды. Саяси диалогты нығайтуға, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және халықаралық бастамаларды ілгерілетуге ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, тараптар түрлі салалардағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған әрі қарайғы қадамдарды талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Финляндия арасындағы белсенді өзара іс-қимылды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Хельсинки, 2025 жылғы 12 ақпан – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия халықаралық қатынастар институтының директоры Хиски Хаукалламен кездесті.
Кездесу барысында тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты, сондай-ақ екіжақты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын қарастырды.
Екі мемлекеттің «талдау орталықтары» арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде талдамалық және ақпараттық материалдарды пайдалану, бірлескен сараптамалық зерттеулер жүргізу, сұхбаттар, тағылымдамалар мен өзара сапарларды ұйымдастыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Қазақ дипломаты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер туралы, сондай-ақ қазіргі заманғы сыртқы саясат, оның ішінде көпвекторлы курс және Астананың негізгі халықаралық бастамалары туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Х.Хаукалла қазіргі заманның өзекті және жаһандық сын-қатерлерін шешу үшін елдердің ұстанымдарын жақындастырудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалады.
Хельсинки, 2025 жылғы 7 ақпан – Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Азамат Әбдіраимов Финляндия Парламенті Халықаралық істер комитетінің төрағасы Йоханнес Коскиненмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар парламентаралық екіжақты және өңірлік ынтымақтастықты дамытудың маңыздылығын атап өтті. Парламентшілердің өзара сапарларын ұйымдастыру перспективаларына, сондай-ақ екі ел парламенттерінің достық топтары арасында тығыз байланыс орнатуға ерекше назар аударылды.
А.Әбдіраимов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен негізгі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, оның ішінде ҚР Үкіметінің жақында өткізілген кеңейтілген отырысының қорытындылары бойынша негізгі міндеттер, құқық үстемдігі, сондай-ақ еліміздің сыртқы саясатының маңызды аспектілері туралы егжей-тегжейлі айтып берді.
Парламенттің Халықаралық істер комитетінің төрағасы Й.Коскинен Қазақстанда жүргізіліп жатқан ішкі саяси және экономикалық реформаларды жоғары бағалап, екі ел арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-білім беру және мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге қолдау білдірді.
Кездесу соңында қазақ дипломаты әріптесін Астана Халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Хельсинки, 2025 жылғы 5 ақпан - Қазақстанның Финляндиядағы Елшілігі, «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты, «SKYMAX Technologies» компаниясы және финдік «Vaisala» компаниясы арасында кездесу өтті.
«Vaisala» – метеорологиялық және экологиялық өлшеу жүйелерінің жетекші әлемдік әзірлеушісі және өндірушісі. Компания мемлекеттік және жеке ұйымдар үшін инновациялық шешімдерді ұсына отырып, ауа-райын, ауа сапасын және климаттың өзгеруін бақылауға арналған жабдыққа маманданған.
Келіссөздер барысында тараптар Қазақстанда «Vaisala» озық технологияларын енгізудің одан әрі мүмкіндіктерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша экологиялық мониторинг және табиғи ресурстарды тұрақты басқару саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол жеткізілді.
Сонымен қатар, Елшілік пен «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының басшылығы финдік «Nisula» ағаш кесу компаниясының негізін қалаушы Али Нисула және Эса Нисуламен кездесу өткізді. Сапар аясында Қазақстан өкілдері «Nisula» зауытына барып, хартвесторлық бастар мен ағаш дайындау жабдықтарын шығарудың өндірістік процесі мен технологияларымен танысты.
«Nisula»-мен келіссөздер Қазақстанның орман шаруашылығын механикаландыру, тиімді және экологиялық ағаш дайындау үшін заманауи технологияларды енгізу саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылауға бағытталды. Тараптар одан әрі өзара іс-қимыл жасауға және тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.
Хельсинки, 2025 жылғы 5 ақпан – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимов «EastCham Finland» Халықаралық сауда палатасының басшылығымен - Бас директоры Яана Реколайнен және Директор Тарья Тейттиненмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар екіжақты өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін және Қазақстан мен Финляндия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.
Инвестициялар саласындағы әріптестікті кеңейтуге, сондай-ақ екі елдің іскер топтары арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ерекше назар аударылды. Қазақстандық дипломат Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға бағытталған жүйелі қадамдар туралы айтып берді.
Кездесу аясында экономикалық байланыстарды тереңдетуге және фин компанияларын Қазақстанда бірлескен жобаларды іске асыруға тартуға бағытталған нақты бастамалар қаралды.
Тараптар әріптестікті одан әрі нығайтуға сенім білдіріп, өзара инвестициялар мен сауда үшін жағдай жасауға ықпал ететін сындарлы диалогты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
Хельсинки, 2025 жылғы 30 қаңтар – Қазақстан Республикасының Елшісі Азамат Әбдіраимовтың ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының Арнайы өкілі Терхи Хакаламен кездесуі өтті.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Елшісі А.Әбдіраимов Финляндияны Хельсинки Қорытынды актісіне қол қойылғанына 50 жыл толуына орай 2025 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудің жауапты миссиясымен құттықтап, жанжалдарды реттеу, шиеленісті әлсірету және сенімді дамытуға бағытталған ұйымдағы фин төрағалығының басымдықтарына қолдау білдірді. Сондай-ақ, тараптар ЕҚЫҰ-ның ағымдағы қызметі мен алдағы кезеңге жоспарланған іс-шараларға дайындық мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде ЕҚЫҰ-ның қазіргі төрағасының Арнайы өкілі Т.Хакала Хельсинки Қорытынды актісі қағидаттарын, оның ішінде 2010 жылғы Астана Саммитінің қорытынды декларациясын және ЕҚЫҰ-ның басқа да негізгі құжаттарын іске асырудың маңыздылығын, сондай-ақ ұйымның қызметіндегі Қазақстанның белсенді рөлін атап өтті.
Хельсинки, 2025 жылғы 27 қаңтар – Қазақстан Республикасының Көлік Министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Финляндияға барды. Сапар аясында Министр М.Қарабаев Еуропадағы ең ірі және маңызды порттардың бірі болып табылатын Хельсинки қаласы портының қызметімен танысты.
Хельсинкиде Еуропадағы ең көп жолаушылар жүретін порттардың бірі орналасқан және «Port of Helsinki» компаниясы теңіз байланысын, атап айтқанда Таллин мен Стокгольммен қатынасты үздіксіз қамтамасыз етеді. 2023 жылы жолаушылар ағыны 9 млн. адамды құрады. Сонымен қатар, Хельсинки порты Финляндияның жетекші халықаралық сауда порты болып есептеледі. 2023 жылы жалпы жүк айналымы 14 млн. тоннаны құрады.
Портқа барған кезде ҚР Көлік Министрі порттың жұмысымен, оның операциялық құрылымымен, теңіз жолаушылар және жүк тасымалдарын қамтамасыз етуге байланысты негізгі жұмыс бағыттарымен, сондай-ақ порт инфрақұрылымын басқарумен танысты.
М.Қарабаев «Port of Helsinki» компаниясының басшылығымен теңіз көлігі саласында ұзақ мерзімді ынтымақтастықты орнату және дамыту, порт инфрақұрылымын жаңғырту мәселелерін, сондай-ақ теңіз көлік саласының тұрақты дамуына және елдер арасындағы өзара іс-қимылды күшейтуге ықпал ететін бірлескен бастамаларды іске асыру перспективаларын талқылады.
Соңында тараптар серіктестік қатынастарды одан әрі нығайтуға және бірлескен жобаларды дамытуға өзара дайын екендіктерін білдірді.