Лао Кайда Орта дәліздің келешегі талқыланды

Лао Кайда Орта дәліздің келешегі талқыланды

2025 жылғы 14-15 наурызда Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш, Лаокай провинциясына іссапары барысында, MEET-UP Lao Cai 2025 атты халықаралық конференцияға қатысты. Вьетнам-Қытай шекарасына барып, автожолдар және темір жолдарының логистикалық әлеуетімен танысты.

Іс-шараға шамамен 250 делегат қатысты. Соның ішінде, дипломаттар, халықаралық ұйымдар, даму агенттіктері, Вьетнамдағы шетелдік бизнес-ассоциациялардың басшылары, жергілікті билік органдарының жетекшілері, вьетнамдық салалық қауымдастықтар, сондай-ақ Оңтүстік-Батыс Қытайдағы ұйымдар мен іскер адамдары.

Осы сапардың барысында Елші:

1) Вьетнам Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Буй Тхань Шонмен;

2) Лао Кай провинциясының Әкімі (Халық комитетінің төрағасы) Чинь Суан Чыонгмен;

3) Вьетнам Сауда және өнеркәсіп палатасының (VCCI) президенті Фам Тан Конгпен

кездесулер өткізді.

Вьетнамдық тараптың айтуынша, Лаокай маңызды геоэкономикалық және геосаяси жағдайға ие және Куньмин (ҚХР) - Лаокай - Ханой - Хайфон - Куанг Нинь экономикалық дәлізі бойында орталық рөл атқарады. Ол Вьетнам үшін ғана емес, сонымен қатар АСЕАН елдері үшін тауарларының Қытайдың Юньнань провинциясы мен Оңтүстік-Батыс аймағына жетуге арналған маңызды хаб ретінде қызмет етеді. Вьетнам басшылығы, Лаокайды Вьетнам, АСЕАН елдері және Оңтүстік-Батыс Қытай арасындағы экономикалық сауданы байланыстыратын орталыққа айналдырмақ.

Вьетнамдық әріптестердің мәліметінше, 2028-2030 жж. Хайфон-Ханой-Лаокай-Кунмин бағыты бойынша жаңартылған заманауи теміржол ашылады.

Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі, Әзербайжан және Түркия Елшілерімен бірге Вьетнам Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі, Лао Кай провинциясының Әкімі және VCCI президентімен кездескенде, осы жолды АСЕАН елдерінен тауарларын, алдымен, Хайфон теңіз айлағына жеткізіп, әрі қарай оларды Хайфон-Ханой-Лаокай-Кунмин-Урумчи-Алматы-Ақтау-Баку-Ыстанбұл бағытындағы теміржолымен Орта дәліз (Транскаспий халықаралық көлік бағыты) арқылы Оңтүстік-Шығыс Азиядан Еуропаға жеткізуді ұсынды. Бұл сауда айналымымызды бірнеше есе арттырмақ.

Жүздесулердің қорытындылары бойынша, Орта дәліз бағытындағы теміржолдың картасы бар арнайы сувенирлер вьетнамдық Сыртқы істер министрлігі, Лао Кай провинциясының және VCCI басшылығына табыс етілді.