Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдық мерейтойы қабырға муралының ашылуымен атап өтілді

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық  қарым-қатынастың 30 жылдық мерейтойы  қабырға муралының ашылуымен атап өтілді
Бүгін Ханойда Қазақстан мен Вьетнам арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай мозаикалық мурал салтанатты түрде ашылды.
Аталған іс-шараның бастамашылары Вьетнамның шет елдермен достық қоғамдары Одағы және Қазақстанның Ханойдағы Елшілігі, сондай-ақ аумағында мурал орнатылған Вьетнамның Дипломатиялық академиясы болды.
– Ханойда монументалды өнер туындысының пайда болуы екіжақты қарым-қатынастың дәстүрлі достық сипатын көрсетеді, – деді салтанатты шарада Төтенше және Өкілетті Елші Ерлан Байжанов.
– Бұл вьетнамдық жас дипломаттарды географиялық тұрғыдан алыс, бірақ рухы жағынан елге жақын Қазақстанның бейнесімен таныстыруға арналған.
Достық қоғамдары одағының төрағасы Нгуен Фыонг Нга екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейіне назар аудара отырып, мұның іргетасы 30 жыл бұрынғыдан әлдеқайда ерте қаланғанын атап өтті.
– Қазақстан мен Вьетнам ежелден жақын әрі шынайы дос. Екі халық арасында бұрынғы Кеңес Одағынан бері 70 жылдан астам дәстүрлі ынтымақтастық қарым-қатынас орнаған. Вьетнам халқының ұрпақтары біздің тәуелсіздік пен бостандық жолындағы күресімізде, сондай-ақ ұлттық құрылыс пен қорғаныстың қазіргі ісінде Вьетнам халқына көрсеткен баға жетпес қолдауы мен көмегі үшін Қазақстан халқын әрқашан есте сақтай отырып, өз ризашылығын білдіреді. Қарым-қатынастардың барлық салаларда қарқынды дамып, кеңейіп, мазмұнды сипатқа ие болғанын қуана атап өтуге болады, - деді Нгуен Фыонг Нга.
Ашылу салтанатына Дипломатиялық академияның президенті Фам Лан Зунг ханым да қатысты. Ол қабырға суретінің ашылуы елдеріміз арасындағы мәдениет саласындағы қарым-қатынасты нығайтуға жақсы ынталандыру болып табылатынын атап өтті.
Муралдың ерекшелігі - ол осы оқиғаға арнайы жасалған түпнұсқа өнер туындысы негізінде жасалған. Картинаның авторы - белгілі қазақстандық суретші, қоғам қайраткері және галерея иесі Лейла Махат.
Жобаны керамикалық мозаикада іске асыруды "Ханой керамикалық қабырғасы" идеясының авторы суретші Нгуен Тху Тхюи және оның компаниясының шеберлері орындады.