Вьетнамда Қазақстан Президентінің саяси реформаларға ерекше мән беруде

Вьетнамда Қазақстан Президентінің саяси реформаларға ерекше мән беруде

 

ХАНОЙ, 2022 жылғы 12 сәуір күні – Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Ерлан Байжанов жетекші вьетнамдық БАҚ және вьетнамдық сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен брифинг өткізді.

Қазақстандық дипломат брифингтің қатысушыларына қаңтар оқиғасының себептері туралы айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен егжей-тегжейлі таныстыра отырып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.  

- Мемлекет басшысының жолдауы Қазақстанның саяси жаңғыруындағы стратегиялық қадам ретінде бағалануы керек, – деді Е.Байжанов. – Ол қайсар және сонымен қатар салмақты реформалауға мүмкіндік бере отырып, саяси жүйені бұзбай, бақылауды жоғалтпауға мүмкіндік береді. Елдегі демократияны тереңдету бағыты бекітілді.

Өз сөзінде Е.Байжанов Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар барлық дерлік саяси институттарды қамтып, мемлекетті жүйелі жаңғыртуға азаматтардың барлық санаттарын тартуды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. Жолдауда айтылған саяси реформалардың бесінші пакеті өзінің ауқымы мен маңыздылығы жағынан бұрынғы төрт жаңғырту пакетінен әлдеқайда асып түсетіні мәлім. Алайда, ол соңғы емес. «Жаңа Қазақстанның» құрылысы бұдан да көп, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық салада да байыпты қадамдарды талап етеді.

Вьетнам сарапшылары мен журналистері Қазақстанды одан әрі демократияландыру бағытының жалғасы болып табылатын жаңа саяси бағдарламаға елеулі қызығушылық танытып, белгіленген міндеттердің өзектілігі мен уақтылылығын, олардың шешімі тұрақтылық пен тиімді үкіметті қамтамасыз ететінін атап өтті.

Журналистика академиясының ректоры Фам Минь Шон Қазақстанда «Жаңа Қазақстан» моделін құруға бағытталған ауқымды саяси реформаларды жоғары бағалады.

 – Біз Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевтың қаңтар оқиғасынан кейін Қазақстандағы жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылдаған шараларын құптаймыз. Ү.ж. 16 наурызында жарияланған реформалар пакеті еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірін одан әрі дамытудың іргетасы болмақ. Жүйелік өзгерістер реформаның заманауи және дәстүрлі нысандарын қамтиды, бұл еліміздің саяси және әлеуметтік өміріне оң әсерін тигізеді, – деді ректор.

 Ханой университетінің тарих пәні мұғалімі Нгуен Ван Тиен Қазақстанның саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы күш-жігерін жоғары бағалады. Қ.Тоқаев Жолдауының кейбір қағидаларын дәйексөздей отырып, оларды белгілі шығыс ойшылдарының философиялық дәйексөздерімен салыстырды.

– Әлемдегі барлық өзгерістердің негізі – трансформация. Президент Қ.Тоқаев жариялаған тәсілдер саяси-ғылыми тұрғыдан алғанда өте дұрыс, мағынасы терең. Қазақстанның өзгермейтін ақиқаты – оның сан ғасырлар бойғы ұлттық қалыптасу және табанды даму тарихы, Қазақстан халқына бақыт пен гүлдену тілеймін», - деп атап өтті вьетнамдық тарихшы.

 Іс-шара вьетнамдық аудиторияның Қазақстандағы өзгерістерге үлкен қызығушылық танытқанын көрсетті. Брифингке Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саяси академиясының, Журналистика академиясының, Ханой университетінің сарапшылары, Вьетнам Сыртқы істер министрлігінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар жетекші вьетнамдық БАҚ журналистері қатысты.