Вьетнам Президентінің көмекшісіне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді

Вьетнам Президентінің көмекшісіне «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалі табыс етілді

ХАНОЙ, 2022 жылғы 8 сәуір – Президент сарайында Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Ерлан Байжанов ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерейтойлық медалін Вьетнам Президенті Әкімшілігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Нгуен Ву Ха Ле ханымға табыс етті.

Е.Байжанов Нгуен Ву Ха Ленің Қазақстан-вьетнам қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» медалімен марапатталғанын атап өтті. 

Кездесу барысында қазақстандық дипломат сұхбаттасушыны Қазақстанда болып жатқан үдерістер, оның ішінде «Жаңа Қазақстанды» терең жаңғыртуға және құруға бағытталған жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы хабардар етті.

Нгуен Ву Ха Ле ханым Қазақстан Президентіне екіжақты байланыстарды нығайтуға бағытталған қызметіне жоғары баға бергені үшін алғысын білдірді. Ол Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңыздылығын айта отырып, екіжақты саяси ынтымақтастықты нығайту мақсатында өзара тиімдірек әрекет ету үшін екі ел Президенттерінің Әкімшіліктері арасында тікелей байланыс орнатуды ұсынды.