Вьетнамның жетекші туристік орталығы Дананг қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлауға орайластырылған Қазақ киносының күндері ұйымдастырылды.
Кинокөрсетілімнің ашылуы рәсімінде Қазақстан Елшісі Ерлан Байжанов вьетнамдықтар қазақ халқының тарихы мен мәдениеті туралы терең мағлұмат беретін қазақстандық үш фильм ұсынылатынын атап өтті.
Бүгін көріп отырған режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" фильмі тарихта сақтар ретінде белгілі Көшпенділер қазақ даласының кең байтақ жерінде өмір сүрген ежелгі заманның аңызға айналған оқиғалары туралы баяндайды. Бұл халық қазіргі қазақтардың ата-бабаларының бірі. Фильм олардың тәуелсіздік үшін күресі туралы баяндайды.
1970 жылы режиссер Сұлтан-Ахмет Ходжиков түсірген екінші фильм "Қыз Жібек" деп аталады, бұл қазақ киносының інжу-маржаны, оның негізінде Қазақ хандығы өмір сүрген кезеңдегі романтикалық халық поэмасы жатыр.
Үшінші фильм қазіргі заманға жатады. Режиссер Ермек Тұрсынов түсірген "Шал" фильмі адам рухының күшін ашады,- деді Елші.
Дананг қаласындағы Қазақстан киносы күндерінің ашылу салтанатында сөз сөйлеген қалалық халық комитеті төрағасының орынбасары Нго Тхи Ким Йен ханым қазақстандық фильмдерді көрсету қазақстандық киноны таныстырып қана қоймай, сондай-ақ біздің елдеріміздің мәдениет саласындағы қарым-қатынастарын нығайту үшін жақсы ынталандыру болып табылатынына сенім білдірді.
Іс-шаран Қазақстан Елшілігі мен Вьетнам Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің Кинематография департаментінің және Дананг халықтық комитетінің жәрдемімен ұйымдастырылды.