31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
Қазақстанда жыл сайын 31 мамыр Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде атап өтіледі.
 
Осыған орай, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үндеу жасады.
 
«Бүгін, 31 мамыр – ел тарихындағы ең азалы кезеңнің бірін еске алу күні. Өткен ғасырдың алғашқы жартысындағы саяси қуғын-сүргін Кеңес Одағы дәуіріндегі миллиондаған азаматтың тағдырына таңба салды. Қазақстанда жүз мыңнан астам адам жазықсыз сотталып, оның төрттен бірі өлім жазасына кесілді», - деп атап өтті Қазақстан президенті өз үндеуінде.
 
Қазақ және орыс тілдеріндегі толық мәтінмен төмендегі сілтеме бойынша танысуға болады
https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-kasym-zhomart-tokaevtyn-sayasi-kugyn-surgin-zhane-asharshylyk-kurbandaryn-eske-alu-kunine-baylanysty-undeui-3042646