Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы

Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы туралы

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!

2026 жылғы 23 тамызда Ханой қ. уақыты бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігінің ғимаратында орналасқан №476 сайлау учаскесінде Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді.

Егер Сіз дауыс беру күніне 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматы болып, белсенді сайлау құқығына ие болсаңыз, Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға заңды құқығыңыз бар.

Дауыс беруге қатысуға конституциялық құқықты іске асырудың кепілі ретінде Сізді сайлаушылардың тізіміне енгізу болып табылады.

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшілігі жанындағы 476 сайлау учаскесіндегі дауыс беретін азаматтардың тізіміне болу елінде уақытша немесе тұрақты тұратын және қолданыстағы Қазақстан Республикасы азаматының паспорты бар барлық азаматтар енгізіледі.

ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!

Сіздерді дауыс беретін азаматтардың тізіміне енгізу үшін Вьетнам Социалистік Республикасы, сондай-ақ Камбоджа мен Лаос аумақтарындағы әрбір Қазақстан Республикасының азаматы өзіне қатысты деректерді (аты-жөні, ЖСН, туған жылы, тұратын мекенжайы, байланыс деректері, электрондық пошта мекенжайы) hanoi@@mfa.kz электрондық поштасына «Құрылтай сайлауы» белгісімен алдын ала жіберу қажет.

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда №476 учаскесінің келесі телефон нөмірлеріне хабарласуды сұраймыз: +84 96 579 72 27