Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Камбоджа Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Камбоджа Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қою туралы

2026 жылғы 29 мамырда Камбоджа Корольдігінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінде Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы және қоса атқарушы ретінде Камбоджа Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Қанат Тумыш пен Камбоджа Корольдігінің Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің міндетін атқарушы Еат Сопхеа ханым Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Камбоджа Корольдігінің Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Тараптар екіжақты қатынастардың дамуындағы ілгерілеуге қанағаттанушылықтарын білдіріп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты әрі қарай нығайту және кеңейту жөніндегі өз міндеттемелерін қайта растады.