Елші GSM Vietnam Бас директорымен кездесу өткізді

Елші GSM Vietnam Бас директорымен кездесу өткізді

2026 жылғы 20 сәуірде Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Елшісі Қанат Тумыш Green Smart Mobility Бас директоры Нгуен Ван Танмен кездесу өткізді.

Кездесу барысында тараптар Компанияның Қазақстандағы іске асырылып жатқан инвестициялық жобасының ағымдағы жай-күйін талқылады. Елші Green Smart Mobility компаниясының қол жеткізген жетістіктерін құптап, Қазақстанның шетелдік әріптестер үшін қолайлы инвестициялық ахуал жасауға бейілділігін растады. Ол мұндай жобалардың экономикалық байланыстарды нығайту және екі ел арасындағы тұрақты дамуға жәрдемдесу үшін маңыздылығын атап өтті.

Екі тарап ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге, әсіресе «жасыл» технологиялар, ақылды көлік және инновациялар саласында қызығушылық танытты. Кездесуде Қазақстан мен Вьетнам арасындағы екіжақты қатынастарды тереңдетуге ықпал ететін іскерлік ынтымақтастықтың өсіп келе жатқан әлеуеті атап өтілді.

Тараптар тығыз байланыста болуға және болашақта өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге келісті.