Құрметті отандастар!2026 жылғы 15 наурызға белгіленген Республикалық Референдум бойынша дауыс беру Вьетнамдағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде өтетінін хабарлаймыз.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасымен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар:
http://referendum2026.kz/kzЕлшілік жанынан №476 сайлау учаскесі ашылды.
Дауыс беруді ұйымдастыру үшін бюллетеньдердің қажетті санын алдын ала анықтауымыз қажет.
Қатысу ниетіңізді төмендегі форма арқылы растауларыңызды сұраймыз:
https://forms.gle/SuXX2vc5PXqapv7a9Егер қандай да бір себеппен форма ашылмаса, Елшіліктің консулына WhatsApp (+84 96 5797227) арқылы жеке хабарлама жіберуіңізді өтінемін.
Түсіністік пен қолдау үшін алғыс білдіреміз.