Вьетнамда «Астана» симфониясы сәтті көрсетілді

Вьетнамда «Астана» симфониясы сәтті көрсетілді

2025 жылғы 27 қараша мен 1 желтоқсан аралығында Ханойда 4-ші Азия-Еуропа халықаралық жаңа музыка фестивалі өткізілді. Іс-шараны екі құрлықтың өкілдерінен тұратын ұйымдастыру комитеті мен Вьетнам композиторлары одағы бірлесіп, болу елінің орталық мемлекеттік органдары мен Ханой қалалық әкімшілігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Фестивальда Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері және танымал композитор Төлеген Мұхамеджанов өзінің музыкалық жәуһары – «Астана» симфониясын ұсынды. Вьетнамдық қауым оны ерекше ынтамен және терең ризашылықпен қабылдады, сондай-ақ симфонияға халықаралық композиторлар ең жоғары бағаларын беріп, оң пікірлерін білдірді. Гала-концерт Вьетнамның Ұлттық музыка академиясында өтті.

Халықаралық фестивальге Австралия, Бельгия, Вьетнам, Германия, Дания, Жапония, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Лаос, Ресей және Швейцариядан 30-дан астам композиторлар мен әртістер қатысты.

Фестиваль аясында композитор Төлеген Мұхамеджанов пен Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш Вьетнамның Мәдениет, өнер және спорт министрінің орынбасары Хоанг Дао Кыонгпен, Вьетнам әдеби және өнер қоғамдары одағының төрағасы До Хонг Куанмен, Вьетнам өнер қауымдастығының президенті Лыонг Суан Доанмен және Вьетнам Ұлттық музыка академиясының басшылығымен кездесті.

Фестивальге қатысушылар Фу То және Хоа Бинь провинцияларына барды.

Бұл ірі өңіраралық іс-шара Вьетнам үшін кәсіби музыка саласындағы маңызды оқиғаға айналды.

Фестиваль Азия мен Еуропа арасындағы мәдени көпір қызметін атқарып, классикалық музыкадағы жаңа үрдістерге қызығушылық танытқан вьетнамдық және халықаралық аудиторияны біріктірді.

Фестивальде ұсынылған «Астана» симфониясы Вьетнамда Қазақстанның Мемлекеттік егемендігінің 35 жылдығын және алдағы Тәуелсіздік күнін атап өту аясында бағалы сыйлық болды.