Қазақстан мен Вьетнам инновациялық-технологиялық ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстан мен Вьетнам инновациялық-технологиялық ынтымақтастықты дамытуда

2025 ж. 29 қазанда Елші Қанат Тумыш Вьетнам Ғылым және технологиялар министрлігі жанындағы Технологиялық кәсіпкерлік және коммерцияландыру жөніндегі Ұлттық агенттікке барып, Бас директор Фам Хонг Куатпен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Вьетнам Коммунистік Партиясы Бас Хатшысы То Ламның Қазақстанға ресми сапарының нәтижелерін, қазақстандық әріптестермен ынтымақтастық орнатуды, технологияларды коммерцияландыру және инновацияларды басқару саласында тәжірибе алмасуды талқылады.

Олар Сондай-ақ Вьетнам делегациясының 2025 жылдың желтоқсанында ғылым, техника және кәсіпкерлік саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған Қазақстанға әлеуетті сапарына тоқталды.

Екі тарап екі елдің инновациялық экожүйелері арасындағы бірлескен жобаларды, ғылыми зерттеулермен алмасуды және білім алмасуды ынталандыру арқылы ғылым мен техника саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейтуге деген ұмтылыстарын растады.

Кездесу Қазақстан мен Вьетнамның өзара тиімділік үшін тұрақты даму мен технологиялық прогресті ілгерілетудегі ортақ көзқарасын  көрсетті.