Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Вьетнам Социалистік Республикасының метеорологиялық қызметтерінің деректеріне сәйкес, “Matmo” (№11) тайфуны елдің солтүстік провинцияларына жақындап келеді.

Дауылдың құрлыққа шығуы 6 қазан күні таңертең Quang Ninh – Hai Phong аймағында күтілуде.

Күшті жауын-шашын (150–250 мм), жел екпіні 25 м/с дейін, су тасқыны мен көшкіндер қаупі бар. 

Ожидаются ливни до 250 мм, порывы ветра до 25 м/с, возможны наводнения, оползни и перебои с электричеством.

📌Елшіліктің ұсынымдары:

  • жағалауға және таулы аймақтарға барудан бас тартыңыз;
  • қатты жел мен нөсер кезінде үйден шықпаңыз;
  • электр желілерінен және су арналарының маңынан аулақ болыңыз;
  • ауыз су, азық-түлік, дәрі-дәрмек және шам қорын дайындаңыз;
  • жергілікті билік пен Елшіліктің ресми хабарламаларын қадағалаңыз.

 📞 Төтенше жағдайда байланыс: +84 965 797 227 (WhatsApp)
 📧 E-mail: hanoi@mfa.kz