Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Қазақстан Республикасы азаматтарының назарына

Вьетнамның Ұлттық гидрометеорологиялық болжау орталығының деректеріне сәйкес, «Рагаса» супертайфуны жағалауға қарай жылжып, 24–25 қыркүйекте Вьетнамның солтүстік провинцияларына жетеді деп күтілуде.

Тайфун орталығындағы желдің ең жоғары жылдамдығы 202–221 км/сағ.

24 қыркүйектен бастап Тонкин шығанағында жел мен толқындар күшейеді, толқын биіктігі 4–6 метрге дейін жетуі мүмкін.

Куангнинь, Хайфон, Тханьхоа, Нгеан провинцияларында қатты желдер мен су тасқыны қаупі болжануда.

24 қыркүйек түнінен 26 қыркүйекке дейін Солтүстік Вьетнамда қатты жауын-шашын күтіледі (100–250 мм, кей жерлерде 400 мм-ден астам). Судың көтерілуі, кенеттен тасқындар және көшкіндер болуы мүмкін.

📌 Қазақстан азаматтарына ұсынымдар:

Көрсетілген кезеңде солтүстік жағалаудағы провинцияларға барудан бас тарту.

Жергілікті билік органдарының болжамдары мен нұсқауларын қадағалау.

Төтенше жағдайларда Вьетнамдағы ҚР Елшілігіне жүгіну.

📞 Жұмыс телефоны: +84 24 3718 0777
📱 Ұялы телефон: +84 96 579 7227 (тек шұғыл жағдайларда)
📧 E-mail: hanoi@mfa.kz