Қазақстан мен Вьетнам мәдени ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Вьетнам мәдени ынтымақтастықты нығайтуда

2025 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің Бас директоры Нгуен Фыонг Хоа ханыммен кездесті.

Тараптар, 2025 жылғы 4-5 қазанда Ханой қ. өтетін 1-ші Дүниежүзілік мәдениет күндер туралы пікір алмасты, оның барысында Елшіліктер өздерінің ұлттық тағамдары, костюмдері, фильмдері, өнер және мәдениет заттарын көрсетуге мүмкіндік алады.

Қазақстан Елшілігі осы маңызды іс-шараға қосылу құрметіне ие болып, қазақ мәдениетін насихаттауға және Қазақстан мен Вьетнам арасындағы мәдени алмасуды одан әрі нығайтуға бағытталған өзінің қатысуын ресми тіркеді