Ханой, 2025 жылғы 12 қыркүйек – 10-11 қыркүйекте Вьетнамның Халонг порт қаласында (Куанг Нинь провинциясының әкімшілік орталығы) «Цифрлық экономика дәуіріндегі инновациялар мен креативті стартап-экожүйелерді дамыту үшін жаһандық ресурстарды біріктіру» («Converging global resources to develop local innovations and creative startup ecosystems in the digital economy era») тақырыбында Ұлттық инновациялар мен стартаптардың VII Халықаралық форумы өтті.
Іс-шара ВСР Ғылым және технологиялар министрлігі, жергілікті билік органдары және Вьетнамның Ұлттық кәсіпкерлер қауымдастығының (Vietnam National Entrepreneurship Association, VINEN) қолдауымен ұйымдастырылды. Оған әрекет етуге Вьетнам, Сингапур және басқа АСЕАН елдерінен, ҚХР, Корея Республикасы, Жапония, Әзербайжан, Түркия, Пәкістан және Иранның түрлі компаниялары мен басқа да құрылымдарынан 500-ге жуық кәсіпкер, мемлекеттік қызметшілер және дипломаттар қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатында ұйымдастырушылары мен құрметті қонақтары ретінде ВСР Ғылым және технологиялар Вице-министрі Хоанг Минь (Hoàng Minh), Куанг Нинь провинциясы Халық комитеті төрағасының міндетін атқарушысы Ву Ван Зиен (Vũ Văn Diện), Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш және Әзірбайжан Елшісі Шовги Мехдизада, сондай-ақ VINEN Президенті Динь Вьет Хоа (Đinh Việt Hòa) өз баяндамаларын ұсынды.
Вьетнамдық Ғылым және технологиялар министрлігінің жоғары лауазымды өкілі Хоанг Минь, қазіргі кезде жасанды интеллект, заттар интернеті және блокчейн – әлемдік салаларды өзгертіп, шығармашылық пен өсуге жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Сонымен қатар, жасыл экономика, айналмалы экономика және тұрақты даму үрдістері жаһандық басымдықтарға айналуда. Бұл байламда, ел басшылығы цифрлық дәуірдегі серпінді инновацияларға ықпал ететін қолайлы саясатты енгізуде. Ол, сондай-ақ, министрліктер мен жергілікті басқарушы органдарын осы саладағы ұлттық міндеттерді жүзеге асыру, Үкімет пен бизнестің байланыстарын нығайту, инновациялық орталықтар құру, Вьетнамдағы және бүкіл Азиядағы стартап-қауымдастықтар үшін берік негіз қалау үшін тәлімгерлер мен инвесторлар желісін құру үшін тиімді үйлестіруге шақырды.
Куанг Нинь басшылығының өкілі Ву Ван Зиен, инновациялық кәсіпкерлік – «тек қозғалыс емес, цифрлық трансформацияға, жаһандық құн тізбегіне және тұрақты өсуге байланысты өсудің жаңа драйвері» екенін атап өтті. Бұл Қазақстан лидерінің кәсіпкерлер цифрлық дамытудың қозғаушы күші болуға тиіс деген сөздерімен үндес.
Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш, жиналған жұртшылықты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерімен таныстырды. Вьетнам мен Азия мемлекеттерінің аудиториясы жаппай цифрландыру және жасанды интеллект технологиясын барынша енгізу негізінде Қазақстан экономикасын жаңғырту үдерісінің жүзеге асыруына; бүкіл мемлекеттік басқару жүйесін қайта құрып, оның азаматтар мүддесіне сай болуын қамтамасыз етіп, ашықтығы мен тиімділігін еселеп арттыру жөніндегі жоспарларға; сондай-ақ Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керек деген стратегиялық міндетке тәнті болды.
Бұл ретте, жаңа технологиялық қалыптың ажырамас бөлігіне айналу үшін Цифрлық кодексті және цифрландыру ісі мен жасанды интеллектіні дамытуға арналған «Digital Qazaqstan» атты біртұтас тұжырымдамалық құжатты қабылдау; елімізде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігін және Цифрлық активтердің мемлекеттік қорын құру (бұл құрылымда жаңа цифрлық қаржы жүйесіндегі болашағы зор активтерден құралған стратегиялық крипторезерв жинақталады); сыбайлас жемқорлықты тиімді болдырмауға мүмкіндік беретін цифрлық теңгені кеңінен енгізу сияқты бастамаларға форум қатысушылары жоғары баға берді.
Сонымен қатар, елімізде суперкомпьютердің іске қосылуы және әлемдік деңгейдегі компаниялардың инвестицияларын тарта отырып, үкіметке тікелей бағынуы үшін арнайы мәртебесі берілетін жаңа іскерлік және инновациялық орталығы ретінде Алатау атты даму көшінің басында жүретін қала құру жөніндегі бастама қатысушыларға үлкен әсер етті. Әсіресе, осы қаланың тек Орталық Азия өңірінде ғана емес (Smart City технологияларын қолданудан бастап, криптовалюталармен тауарлар мен қызмет ақысын криптовалютамен төлеу мүмкіндігіне дейін), сонымен қатар, Азия құрлығында да алғашқы толықанды цифрлық қалаларының бірі болатыны.
Биылғы жылы форумда үш негізгі идея айтылды: Үкімет, бизнес, ғалымдар мен инвесторлардың ресурстарын жұмылдыру, білімді өнімдер мен нарықтарға айналдыру үшін инновацияларды жеделдету және жас кәсіпкерлерді жаһандық ойлауға және жергілікті жерде әрекет етуге шабыттандыру.
Делегаттар стартаптардың жаһандық үрдістері, жасанды интеллект, электрондық коммерция және цифрлық трансформацияны қолдану туралы пікір алмасты және халықаралық ресурстарды тарту және пайдалану шешімдерін зерттеді. Форум аясында стартап-қызметті дамыту үшін ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. Сонымен бірге, Вьетнам мен Азия елдерінің көрнекті ұйымдары, компаниялары мен жеке тұлғалары түрлі марапаттарға ие болды.
Форумға қатысушылар «Инновациялар мен стартаптар – цифрлық дәуірдегі жаңа ойлау» тақырыбындағы тренингке қатысып, технологияларды қолдануға; стартап-өнімдерге; Вьетнамның инвестициялық ілгерілеуі мен фирмалық тауарларына арналған көрмелерге қатысты.