Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
27 сентября 2024
Қазақстан Елшісі Вьетнамның қоршаған орта және табиғи ресурстар министрімен кездесті

ҚР Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Социалистік Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрі До Дык Зюй мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың кейбір өзекті мәселелері және оның кеңеюі мен даму перспективалары қаралды. Атап айтқанда, екі елдің экология, қоршаған ортаны қорғау, минералдық және табиғи ресурстардың өзге де түрлері, тау-кен өнеркәсібі салаларындағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы 11-22 қарашада Баку қаласында өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конференциясы (сондай-ақ БҰҰ-ның климаттық саммиті, COP-29) шеңберіндегі ынтымақтастық тақырыбы қозғалды. Министр осы қарашада Әзірбайжан астанасына Вьетнам делегациясының басшысы ретінде баруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Сонымен қатар, тараптар 2004 жылдың көктемінде Қазақстандағы ірі су тасқыны мен қыркүйектегі «Яги» тайфуны – Оңтүстік-Шығыс Азияға соққан соңғы жылдардағы ең күшті дауыл, сондай-ақ осындай табиғи апаттар жағдайында жедел өзара іс-қимыл мен өзара көмек көрсетудің ықтимал нұсқаларын талқылады. 

Қ.Тумыш До Дык Зюйге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері туралы, сондай-ақ ағымдағы жылдың 6 қазанына Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жоспарланған жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті.

Министр Зюи: "Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың ауқымдылығына, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде экологиялық электр станциясын салумен мультипликативтік әсер алатын атомды бейбіт мақсатта пайдалануды кеңейтуден күтілетін үлкен оң практикалық қайтарымға таң қалды", - деп атап өтті. Ол сондай-ақ: "Биылғы жыл 1959 жылы Вьетнамның Тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің Қазақстанға сапарының 65 жылдық мерейтойымен атап өтілді. Осы тұрғыда тарихи достық пен кооперацияны ескере отырып, ВСР Қазақстанның бастамаларын қолдайды, тәжірибе алмасуды, ынтымақтастық пен өзара көмекті жүзеге асыруды ынталандырады, сондай-ақ екі бауырлас мемлекеттер мен халықтар арасындағы екіжақты Қазақстан-Вьетнам қатынастарын тереңдетуге ұмтылуды жалғастырады", - деп қосты. 

Кездесу достық, ынтымақтастық және өзара құрмет атмосферасында өтті және өзара кооперацияны сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

27 сентября 2024
Қазақстан Елшісі Премьер-Министр Фам Минь Чинь және Бак Нинь провинциясының Халық кеңесінің төрағасы Нгуен Хуонг Зянгпен кездесті

2024 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш Бак Нинь провинциясы Халық кеңесінің жаңадан тағайындалған төрағасы Нгуен Хуонг Зянгпен кездесті.

Қазақстан-Вьетнам ынтымақтастығына байланысты ағымдағы өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысы мен Бак Нинь провинциясы арасындағы ынтымақтастық жөнінде пікір алмасты. Тараптар жоғарыда аталған екі аймақ арасында бауырластық қалалар құру туралы меморандумды, сондай-ақ болашақта ынтымақтастықтың басқа да ықтимал бағыттарын талқылады.

Сондай-ақ, Бак Ниньге сапар кезінде Елші Вьетнам Премьер-Министрі Фам Мин Чинь қатысқан 2024 жылға арналған Бак Нинь провинциясындағы инвестицияларды жоспарлау және ынталандыру туралы хабарландыру конференциясына қатысты. Іс-шара аясында Елші Қ.Тумыш Премьер-Министрмен кездесу өткізді, онда олар екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты экономикалық ынтымақтастықтың кейбір маңызды тақырыптарын, сондай-ақ өзара іс-қимылды сапалы жаңа деңгейге кеңейту перспективаларын, атап айтқанда, жоғары деңгейдегі сапарлармен алдағы алмасуларды талқылады.

Вьетнамдық тарап екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі тереңдетуге қазақстандық көзқарастарды жалпы қолдайтынын тағы да растады.

Кездесулер достық, ынтымақтастық және өзара құрмет атмосферасында өтті.

17 сентября 2024
Қазақстан Елшісі Вьетнам СІМ Еуропа елдері департаментінің директоры Буй Ха Наммен кездесті

2024 жылғы 16 қыркүйекте Қазақстанның Вьетнамдағы Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Социалистік Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа елдері департаментінің жаңадан тағайындалған директоры Буй Ха Наммен кездесті.

Қазақстан-Вьетнам ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы тамыздағы Вьетнамға мемлекеттік сапарының қорытындылары бойынша уағдаластықтардың барлық кешенін іске асыруға өзара міндеттемесі расталды.

13 сентября 2024
Қазақстан Елшісі Генерал-лейтенант Фам Туанмен кездесті

Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш 1980 жылы шілдеде Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз»" ғарыш кемесінде кеңестік ғарышкер Виктор Горбаткомен ғарышқа ұшқан бірінші вьетнамдық Генерал-лейтенант Фам Туанмен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында тараптар авиация, ғарыш және әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы ынтымақтастықтың бірқатар тақырыптарын талқылады. Қанат Тумыш Фам Туанға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері туралы, сондай-ақ ағымдағы жылғы 6 қазанға жоспарланған атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті.

Фам Туан, өз кезегінде, Тоқаев мырзаның Жолдауына және оның басшылығымен жүзеге асырылып жатқан елдегі реформалардың ауқымдылығына таңданғанын, сондай-ақ: "Атом электр станцияларын салу отандық өнеркәсіпті жаңа электр станцияларын салу үшін пайдаланудың орасан зор әлеуеті бар деп санаймын, сондай-ақ жоғары технологиялық өндірістерді игеру мақсатында әртүрлі бейіндегі жоғары білімді мамандар қажет болады, оған озық, дарынды жас қазақстандықтарды оқыту қажет болатынын " – атап өтті.

Бұдан басқа, Генерал-лейтенант жақын арада авиация саласындағы бірқатар кездесулер мен нысандарға бару үшін елімізге келуге үлкен қызығушылық білдірді.

Сонымен қатар, Елші Фам Туан мырзаны Қазақстан мен Вьетнам арасындағы екіжақты қарым-қатынасты кеңейту үшін 2025 жылғы сәуірде космонавтика күніне орай Қазақстанға келуге шақырды.

Кездесу алдағы жылдары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достық атмосферада өтті.

06 сентября 2024
Қазақстан Елшісі Камбоджа Басшысының м.а. сенім грамоталарын тапсырды

Пномпень, 2024 жылғы 6 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Камбоджа Корольдігінің Басшысының м.а., Парламент Сенатының Төрағасы Самдек Хун Сенге сенім грамоталарын тапсырды.

Кездесу басында Хун Сен Қ.Тумышты жылы қарсы алып, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалуымен құттықтады.  

Ол соңғы 30 жыл ішінде сенім, қолдау және өзара тиімділікке негізделген дипломатиялық қатынастардың дамуын жоғары бағалады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезеңінде және қазіргі уақытта Камбоджаның жақсы досы және сенімді серіктесі ретінде Қазақстанға алғысын білдірді. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ), Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШЫҰ), Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨСШК), Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің қауымдастығы (АСЕАН) және т.б. сияқты халықаралық ұйымдардың алаңдарында өзара қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың және Қазақстан үшін аса маңызды көпжақты өзара іс-қимылдың кейбір өзекті мәселелері талқыланды. Оның ішінде, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері, Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум, сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық, мәдени және логистикалық ынтымақтастықты одан әрі жандандыру.

Хун Сен, атап айтқанда: "Тоқаев мырзаның Жолдауына және еліңізде оның басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформалардың ауқымдылығына тәнті болдым. АЭС салу және пайдалануға беру экономикалық өсуге серпін және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету ісіне маңызды үлес, таза, арзан және қауіпсіз электр энергиясын алудың кілті болады" – деп атап өтті. Ол сондай-ақ қазан айының соңында Алматы- Сиануквилль (SCAT әуекомпаниясымен аптасына екі рет) бағыты бойынша Қазақстан мен Камбоджа арасында тікелей әуе рейстерінің ашылуын құптады.

Қазақстандық дипломат сондай-ақ Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) төрағалық етуі шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, осы бірлестік елдерінің Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ынтымақтастығын жандандыру туралы ұсыныс енгізді. Тараптар осы мақсаттар үшін орта дәліздің транзиттік-көліктік және мультимодальды-логистикалық әлеуетін пайдалану және арттыру өте маңызды деп келісті.

Өз кезегінде, Камбоджа Басшысының м.а. ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және білім беру екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттары болып табылатынын атап өтті.

Кездесу алдағы жылдары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достық атмосферада өтті.

12 августа 2024
Ханойда қазақтың көрнекті ақыны және бүгінгі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 179 жылдығы атап өтілді

2024 жылғы 9 тамызда Қазақстан Республикасының «Абай күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында Елшілікте вьетнамдық белгілі қоғам қайраткері, Қазақстан, Орталық Азия және Түркі әлемі бойынша сарапшы, дарынды аудармашы, Ханой университетінің профессоры Нгуен Ван Чиенмен кездесу өтті. Төменде профессор Ван Чиеннің вьетнам халқының атынан сөйлеген сөзі мен құттықтауының негізгі тезистері ұсынылған.

- Нгуен Ван Чиен мырза, Өзіңіз білетіндей, 10 тамыз күні Қазақстанда қазақ классикалық әдебиетінің негізін қалаушысы, ұлы ақын, қоғам қайраткері, мемлекет қайраткері және философ «Абай күні» мемлекеттік мерекесі атап өтіледі. Осыған орай, Сізден қазақ халқын аталған мерекемен құттықтап, осы ұлы адамның өмірі мен шығармашылығы туралы өз әсеріңізбен бөлісуіңізді сұраймыз.

- Рақмет, Тумыш мырза. Дәл қазір бізде Абайдың қара сөздері бар. Қазір вьетнамдықтар қазақ ойлау ісінің үлкен жетістігімен танысты деп айтуға болады. Сондықтан бұл кітаптың және ондағы ойлардың бағасы зияткерлік тұрғыдан ғана емес, Вьетнамдағы қарапайым адамдар үшін де өте қымбат. Бұл ерекше ойлар адамдарды жақсы азамат және елдің қорғаушысы болуға үйретеді. Абай - жай ғана философ емес, сонымен қатар, адамдардың өз өмірі мен әлемінің түрлі салаларында жақсы болуын қалайтын ұлы адам. Әрине, Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшісі мен осы кітаппен танысуға көмектескен барша қазақ азаматтарына рахмет. Осы қызықты кітап үшін қазақ халқына рахмет. Сізді вьетнамдықтардың атынан Абай күнімен құттықтауға рұқсат етіңіз. Сізге, қазақ халқына барлық жақсылықты тілеймін!

06 августа 2024
Қазақстан Елшісі Куангнин провинциясының халықтық комитетінің Төрағасымен кездесті

Ханой, 2 тамыз 2024 жыл - Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Куанг Нинь провинциясы халық комитетінің Төрағасы Тыонг Хюи мырзамен жұмыс кездесуін өткізді.

Кездесу барысында Елші мен Төраға екі ел мен провинциялар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастарды, әсіресе туризм, ауыл шаруашылығы, сауда, инвестиция және көлік салаларындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделілігін растады.

Төраға Тыонг Хюи Елшіні провинцияның әлеуметтік-экономикалық дамуының нәтижелері, сондай-ақ оның ерекшеліктері мен негізгі бәсекелестік артықшылықтары туралы хабардар етті.

Елші өз кезегінде Төраға Тыонг Хюиге жылы шырайлы қабылдауы үшін алғыс айтып, Куанг Нинь провинциясының табиғи сұлулығы мен даму қарқынына тәнті болғанын атап өтті. «Куанг Нинь провинциясы мен Түркістан облысының көптеген ұқсастықтары бар. Куанг Нинь провинциясының Халонг бұғазы ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұра нысаны болып танылды, ал Түркістан облысы Түркі әлемінің рухани астанасы бола отырып, онда ЮНЕСКО-ның нысандарының бірі Қожа Ахмет Яссауи кесенесі бар», - деп атап өтті.

Қанат Тумыш вьетнам халқының ұлы көшбасшысы Президент Хо Ши Миннің Қазақстанға келуінің 65 жылдығын екі ел атап өтетіндіктен, бұл жыл ерекше жыл екенін айтты.

Елші сондай-ақ Төрағаны екі ел арасында жүзеге асырылатын тұрақты рейстер туралы хабардар етіп, биылғы 25 мамырдан бастап визасыз режим күшіне енгеннен кейін Вьетнамдағы қазақстандық туристердің үлесі едәуір артатынына сенім білдірді. Ол Вьетнам мен Қазақстан өңірлері арасындағы жаңа рейстерді ашу жоспары туралы хабарлады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты нығайтуға және Түркістан облысы мен Куанг Нинь провинциясы арасындағы Бауырлас ынтымақтастық туралы меморандумды әзірлеу процесін жеделдетуге ниет білдірді.

Кездесу екіжақты қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеру мақсатында жылы әрі достық ахуалда өтті.

 

Анықтама:

Куанг Нинь провинциясының ауданы 12 000 км2 құрайды, оның ішінде 6206,9 км2 құрлық және теңіз бетінің сыртқы шекарасы теңіздің ең төменгі орташа деңгейінен 6 теңіз милі. Куанг Нинь халқының саны 1,4 млн. адамды құрайды. 2023 жылы ЖӨӨ 9500 АҚШ долларын құрады. АҚШ ДОЛЛ. 2023 жылы провинцияға 2 млн. шетелдік турист келді.

4Е класты «Ван Дон» халықаралық әуежайы, Монг Кай халықаралық шекаралық өткізу пункті, Ханой - Хайфон - Монг Кай бағыты бойынша жоғары жылдамдықты автомагистралі бар Куанг Нинь провинциясының дамыған инфрақұрылымы провинцияның елдің маңызды жүк хабына айналуына мүмкіндік береді.

Провинция бұрыннан өзiнiң көмiр өнеркәсiбiмен, кеме жасаумен, құрылыс материалдарын өндiрумен, өңдеушi өнеркәсiппен, акваөсiру (теңiз өнiмдерi мен өзен өнiмдерiн) және балық аулаумен танымал.

Туризм - провинцияны дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Оның бай табиғи және мәдени мұрасын ЮНЕСКО екі рет мойындады.

Провинцияда орман, жартылай өткізгіш өнеркәсіп және көлік саласы сияқты басқа да салаларда даму үшін үлкен әлеует бар.

31 июля 2024
Қазақстан мен Вьетнам авиациялық ынтымақтастықты кеңейтуге ниетті

2024 ж. 29 шілдеде Қазақстан Елшісі Қ.Тумыш ВСР Көлік министрлігі жанындағы Вьетнам әуе билігінің басшылығымен кездесу өткізді.

Аталмыш кездесуге «Эйр Астана»-ның Корея, Гонконг және Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша аймақтық өкілі Пэтти Лонг ханым де арнайы шақырылды.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде, ВСР Азаматтық авиация басшылығы 2024 жылдың қазан айының соңында немесе қараша айының басында Алматы-Фукуок-Алматы бағыты бойынша жаңа рейстің ашылуы бойынша (аптасына 3 рет) уағдаластыққа қол жеткізілді.

Бүл уағдаластықты тезірек жүзеге асыру үшін, «Эйр Астана» ұшуға қауіпсіздік рұқсатын алу үшін тиісті рәсімдерді бастады. Вьетнамдық тарап, қажетті құжаттарды жақын арада бекітетіндігіне сендірді.

Ал, 2025 жылы, Алматы-Нячанг-Алматы және Астана-Нячанг-Астана бағыттары бойынша жаңа рейстерді ашу үшін тиісті жұмыс жалғастырылатын болады.

18 июля 2024
Вьетнам Президенті Қазақстанға баруға мүдделі

Ханой, 2024 жылғы 17 шілде – Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Социалистік Республикасының (ВСР) Президенті То Ламмен кездесті.

Қазақ дипломаты, ең алдымен, Мемлекет басшымыздың ыстық сәлемін жеткізді. ВСР Президенті То Лам: «10 шілдедегі туған күніме орай Президент Қ.К.Тоқаевтың ізгі құттықтауы мені жылы сезімдерге бөледі. Мұның үстіне, Ұлы дала еліне мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін де достас әрі бауырлас Қазақстанның басшылығына шынайы ризашылығымды білдіргім келеді. Әдемі еліңізге баруға мүдделімін» - деп айтты.

Кейін әңгіме, 2023 ж. тамызда Мемлекет басшымыздың Вьетнамға жасаған ресми сапары және ВСР басшысының қарымта мемлекеттік сапары төңірегінде өрбиді. Екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, әскери-техникалық, мәдени және білім ынтымақтастығын жандандыруға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Тараптар, 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда айналымының деңгейі 1 млрд. АҚШ долларға жуық болғандығын ескере және биылдың нәтежесінде осы көрсеткіш одан да аса түсетініне үміт артып, екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеруге қажет ден келісті.

Елші Тумыш, вьетнамдық компаниялардың соңғы жылдары Қазақстан нарығындағы белсенділігі – ҚР басшылығы мен халқының көңілінен шығуда екендігін білдірді. ВСР инвесторларына бұл орайда тиісті жағымды шарттар ұсынылғандығын мәлімдеді.

Таяуда (2024 ж. 25 мамырда) өз күшіне енген визасыз режімді орнатқан тиісті үкіметаралық келісім, халықтарымыз арасындағы достас, әріптес қатынастарын дамыту ісіне маңызды үлес қосты. Сонымен қатар, өзара туризмді тиесілі әрі қарай дамыту үшін – келесі батыл және табанды қадамдар қажет. Бұл байламда, «Air Astana» ұлттық әуе компаниямыздың Хошимин және Дананг қалаларымен (Астана және Алматыдан) тікелей әуе қатынастар орнату мәселесі маңызды. Бұл, «VietJetAir» (Вьетнам) және «SCAT Airlines» (Қазақстан) әуе компанияларының Нячанг және Фукуок қаларына жасаған рейстерімен (Астана, Алматы және Тараздан) бірге – екі халық, екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға жақсы негіздеме/платформа болады.

ВСР Президенті, вьетнамдық компаниялардың Қазақстандағы белсенділігін және жоспарланған ортақ жобаларын ризашылықпен атап өтті. Экономика, өнеркәсіп және сауда, қаржы, инвестиция, көлік, туризм, ауыл шаруашылығы, мәдениет, білім және ғылым саларалындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажет деп айтты. Сонымен бірге, мәдени алмасуларды көбірек жасап, білім саласында екі елдің студенттеріне қосымша гранттарды бөлу. Әскери-техникалық ынтымақтастыққа да аса көңіл бөліп, болашақта осы салада тиісті келісімдерге қол жеткізудің қажеттілігін атап өтті.

Халықтарымыз арасындағы байланыстарды нығайту үшін – екі елдің өңірлері арасында бауырластық орнату да аса пайдалы болады. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы – Дананг қаласымен, Алматы қаласы – Кхань Хоа провинциясымен, ал Шығыс Қазақстан облысы – Бак Нинь провинциясы бауырластық меморандумдарына қол қою қарастыруда. Басқа да өңіраралық ынтымақтастық орнату бойынша тиісті жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Елшісі, Вьетнам Президентін Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) іс басындағы қазақстандық Төрағалығының бастамаларымен, сондай-ақ АСЕАН – Вьетнам – Қытай – Қазақстан – Әзербайжан – Түркия – Еуропа бағыты бойынша Халықаралық темір жолы көлігі маршрутының («Орта дәлізінің») әлеуетімен таныстырды. Қос тарап, сол арқылы Вьетнам Қазақстанға және ТМҰ-ға Оңтүстік-Шығыс Азия аймағына, ал Қазақстан Республикасы ВСР және АСЕАН үшін ТМҰ өңіріне әрі Еуропаға да «алтын көпірге» айналатындарына үміт арты.

ВСР Президенті, «Орта дәлізінің», әлеуеті тұрғысынан келешегі зор болатынын атап өтті. Осы орайда, болашақта ортақ халықаралық көлік-логистикалық терминал мен хабтарды құру қажет деген ой білдірді. Себебі бұл АСЕАН-ның тауарларын Қазақстан арқылы Еуропаға тез арада жеткізу үшін әлеуетті арттырады. Бұл байламда Қазақстанның транзиттік әлеуеті әрі Вьетнамға, әрі АСЕАН аймағы үшін де маңызды.

Тараптар, сондай-ақ, БҰҰ және халықаралық/өңірлік ұйымдар аясында ынтымақтастығы жөнінде де пікір бөлісті. Әсіресе, БҰҰ Бас Ассамблеясы, UN ECOSOC, UN ESCAP, UN HRC, UNESCO, IAEA, ЕАЭО, АӨСШК және өзге де ұйым мен форумдардың (Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі және т.б.) аясында. ВСР басшысы, БҰҰ және халықаралық/өңірлік ұйымдар аясындағы ҚР-дың Вьетнамға көрсеткен қолғабысы үшін алғысын білдірді.

ВСР Президенті, қазақ тарапының екіжақты қатынастардағы және көпжақты халықаралық бастамаларына, жалпы, қолдау жасайтынына сендірді.

Вьетнам Президентімен, Түркі мемлекеттері ұйымына Төрағалық ететін Қазақстанның Елшісімен қатар, бауырлас Әзербайжан және Түркияның Елшілері де кездесті.

05 июля 2024
Қазақстан Елшісі Лаос Президентіне сенім грамоталарын табыс етті.

Вьентьян, 2024 жылғы 3 шілде – Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Лаос Халық Демократиялық Республикасының (Лаос) Президенті Тхонглун Сисулитке сенім грамоталарын табыс етті.

Жүздесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың және Қазақстан үшін критикалық маңызы бар көпжақты өзара іс-қимылдың кейбір өзекті мәселелері талқыланды. Оның ішінде, Лаостың 2024 жылғы АСЕАН-дағы төрағалығы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бағытының негізгі қырлары және Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалар, екіжақты сауда-экономикалық, мәдени және логистика жөніндегі ынтымақтастықты әрі қарай жандандыру.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Қазақстан Республикасының Түркі мемлекеттері ұйымындағы төрағалығы аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып, осы бірлестік елдерінің Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығымен (АСЕАН) ынтымақтастығын жандандыру туралы ұсыныс енгізді. Тараптар, осы мақсат үшін «Орта дәліздің» транзиттік-көліктік және мультимодальды-логистикалық әлеуетін пайдалану және арттыру өте маңызды деп келісті.

Өз кезегінде, Лаос Президенті екіжақты ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттары ретінде ауыл шаруашылығы, энергетика, құрылыс және білім беру болып табылады деп айтты. Атап айтқанда, Лаос тарапы Қазақстанның энергетика саласын дамыту саясатына және тәжірибесіне қызығушылық танытып, тиісті министрліктер арасында онлайн форматында келіссөздер жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, Елші Лаосқа сапар аясында Лаос Сыртқы істер министрінің орынбасары Бунлиа Пханданувонгмен кездесу өткізіп, оның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Лаос Халық Демократиялық Республикасының Үкіметі арасындағы дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.

Кездесу алдағы жылдары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достас ахуалда өтті.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы