Меню
Страницы
Байланыс ақпарат
Консулдық мәселелер
Елшілік туралы
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
27 ноября 2024
Қазақстан мен Камбоджа дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын атап өтті

Пномпень, 2024 жылғы 26 қараша – Қазақстан мен Камбоджа арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ресми қабылдау өтті.

Іс-шараға Камбоджаның жоғары лауазымды тұлғалары, Туризм министрі Хуот Хак, Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің мемлекеттік хатшысы Хуон Фон Раттанак, Пномпень губернаторының орынбасары, көптеген мемлекеттік мекемелердің басшылары мен қызметкерлері, бұрынғы КСРО-да білім алған камбоджалықтар, Камбоджада аккредиттелген дипломатиялық корпус, ғылыми орта, БАҚ өкілдері және т.б., сондай-ақ Камбоджада тұратын Қазақстан азаматтары қатысты.

Іс-шара елдердің ұлттық әнұрандарының орындалудан басталды.

Қазақстанның Камбоджадағы Елшісі Қанат Тумыш екі ел арасындағы қарым-қатынастың 30 жылдық тарихы туралы айтып, Қазақстан-Камбоджа парламенттік достық тобын құруға қанағаттанғандығын білдірді. Қазақстаннан Камбоджаға Алматы – Сиануквилл бағыты бойынша тікелей рейстер 2024 жылдың қазан айында іске қосылғанын атап өтілді. Қ.Тумыш Қазақстан Республикасы Камбоджа Корольдігі Сенатының Төрағасы Самдек Хун Сенге келесі жылдың мамыр айының соңында өтетін 2025 жылғы Астана халықаралық форумына қатысуға ресми шақыру жіберуге ниетті екенін айтты. Қазақстандық дипломат сондай-ақ Қазақстанда дүниеге келген ортағасырлық ұлы түрколог Әл-Фараби жазған "Мінсіз мемлекетке ұмтылу қажеттілігі туралы" трактатты кхмер тіліне аудару жоспарланып отырғанын атап өтті.

Камбоджаның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Хуон Фон Раттанак елдеріміз арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтауларын жеткізді. Мемлекеттік хатшы қарым-қатынастардың дамуы туралы айта келе, камбоджалық тарап болашақта барлық бағыттар бойынша Астанамен қарым-қатынасты жалғастыруға мүдделі екенін атап өтті. Ол барлық бағыттар бойынша Қазақстанмен қарым-қатынасты біртіндеп нығайту оның елінің басымдығы болып саналатынын ерекше атап өтті.

Содан кейін іс-шара музыкалық қойылымдармен және ұлттық тағамдардың таныстырылымымен жалғасты.

 

14 ноября 2024
Қазақстан Елшісі Вьетнамның Консулдық қызмет департаментімен кездесті

Ханой, 2024 жылғы 14 қараша – Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Социалистік Республикасының СІМ Консулдық қызмет департамент директорнының м.а. Фан Тхи Минь Жианг ханыммен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың кейбір өзекті мәселелері талқыланды. Оның ішінде, консулдық-құқықтық, логистикалық және туристік, сондай-ақ Қазақстанның Хошимин қаласында ҚР-дың Құрметті консулын тағайындау.  

Қазақстандық дипломат сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері мен Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдумның қорытындылары туралы хабардар етті.

Жалпы, вьетнамдық тарап, Елшілікпен оң ынтымақтасуына тоқталып, консулдық, визалық, консулдық-құқықтық, туристік, көліктік және өзге де өзара іс-қимылдың салаларында ҚР жағына тиісті көмек көрсетуге дайын екендігін білдірді.

05 ноября 2024
Камбоджа Парламентінде «Қазақстанмен достық тобы» құрылды

Пномпень, 2024 жылғы 1 қараша – Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Камбоджа Корольдігіне (КК) жұмыс сапары барысында КК Парламентінің Ұлттық ассамблеясы (төменгі палата) Төрағасының міндетін атқарушы, билеуші Камбоджа Халық партиясы Орталық Комитеті Тұрақты бюросының мүшесі Йеап Чеам мырза мен КК Парламентінің Ұлттық ассамблеясы Сыртқы істер, халықаралық қатынастар және ақпарат комитетінің Төрағасы, билеуші Камбоджа Халық партиясының ресми өкілі (spokesman) Суос Йара мырзамен кездесті.

Жүздесулер барысында екі ел арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың және екі ел үшін маңызы бар көпжақты өзара іс-қимылдың кейбір өзекті мәселелері талқыланды. Оның ішінде, «Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі Хатшылығының, оның персоналының және мүше мемлекеттері өкілдерінің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы» конвенцияны ратификациялау үдерісін тездету; Азиялық саяси партиялардың Халықаралық конференциясын және оның шеңберінде «Бейбітшілік пен келісімді ілгерілету үшін мәдени әртүрлілік» тақырыбындағы Азиялық мәдени кеңестің 3-ші кездесуін өткізу; Төзімділік және бейбітшілік үшін Халықаралық парламенттің 11-ші сессиясын өткізу және т.б.

Бұдан басқа, КК Парламентінің Ұлттық ассамблеясында «Қазақстанмен достық тобы» құрылды. Топтың төрағасы ретінде КК Парламентінің Ұлттық ассамблеясы Сыртқы істер, халықаралық қатынастар және ақпарат комитетінің Төрағасы Суос Йара мырза бекітілді.

Қазақстандық дипломат сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділ Қазақстан: Заң және тәртіп, экономикалық өсу, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері, Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жалпыұлттық референдум қорытындылары туралы хабардар етті.

Кездесулер алдағы жылдары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достас ахуалда өтті.

04 ноября 2024
Қазақстан мен Камбоджа екіжақты байланыстарды нығайтуға ниетті

Пномпень, 2024 жылғы 31 қазан –Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі (резиденциясы Ханой, Вьетнам) Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қанат Тумыш Камбоджа Корольдігі Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Сок Ченда Софеаға ізеттілік жүздесумен барды.  

Премьер-Министрдің орынбасары мен Елші Қазақстан мен Камбоджа арасында тікелей әуе қатынасының ашылғанын атап өтті, бұл екі ел үшін де адамдар арасындағы өзара байланысты, туризм мен іскерлік мүмкіндіктерді кеңейту жолындағы маңызды қадам болды.

Екі тарап екіжақты консультациялар тетігін – дипломатиялық және экономикалық байланыстарды нығайтуға және тұрақты ашық диалогты ілгерілетуге арналған стратегиялық платформаны ілгерілетуге ортақ міндеттемені атап өтті. Олар сауда-саттықтың жаңа мүмкіндіктерін, әсіресе ауылшаруашылық секторында зерттеуге өзара ниет білдірді.

Сонымен қатар, екі тарап ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және тереңдетуге, сондай-ақ екіжақты және көпжақты шеңберлерде, әсіресе АӨСШК шеңберінде бір-бірін қолдауға өз бейілділіктерін білдірді.

29 октября 2024
Қазақстан Елшісі алғашқы ұлттық халал конференциясына қатысты

2024 жылғы 22 қазанда Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш «Халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Вьетнамның халал индустриясын дамыту үшін ішкі ресурстарды жұмылдыру жөніндегі конференцияға» қатысты.

Осы конференция Вьетнам Премьер-Министрі Фам Мин Чинь, Ғылым және технологиялар министрі Хюинь Тхань Дат, мұсылман елдерінің Елшілері, халал индустриясының көшбасшылары және академия мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы басқа да танымал сарапшылар қатысқан Вьетнамдағы халал индустриясы үшін өте маңызды болып табылалды. Іс-шараны Вьетнамның Сыртқы істер министрлігі, Ғылым және технологиялар министрлігі және Ауыл шаруашылығы және ауылдық даму министрлігі бірлесіп ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Елші Премьер-Министр Фам Минь Чинмен және Ғылым және технологиялар министрі Хюинь Тхань Датпен кездесті, онда сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалар сияқты Қазақстан-Вьетнам ынтымақтастығының өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті. Премьер-Министр Фам Мин Чинь мен Министр Хюинь Тхань Дат Елшіге белгілі мұсылман елінің өкілі ретінде Вьетнамдағы халал индустрияны дамытуға жәрдемдесу жөніндегі күш-жігері үшін алғыс айтып, Қазақстанның болашаққа жоспарларын жалпы қолдайтындықтарын растады.

Кездесулер достық, ынтымақтастық және өзара құрмет атмосферасында өтті.

24 октября 2024
Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Лыонг Кыонгты құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Социалистік Республикасының жаңадан сайланған Президенті Лыонг Кыонгқа құттықтау жеделхатын жолдады.

– Сіздің сайлаудағы жеңісіңізді Вьетнамның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің әл-ауқатын еселеуге және халықаралық аренадағы беделін нығайтуға бағытталған сара саясатыңызға отандастарыңыз көрсеткен қолдаудың айғағы деп білемін. Қазақстан мен Вьетнам арасындағы достық пен өзара сенімге негізделген қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін Сізбен бірге күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Лыонг Кыонгтың аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Вьетнам халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

21 октября 2024
Қазақстан Елшілігі Қазақстан Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы мен референдум нәтижелеріне арналған брифинг өткізді

15 қазанда Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі мазмұнын баяндау, сондай-ақ Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жақында өткен жалпыұлттық референдумның нәтижелерін жариялауға арналған брифинг өткізді.

Брифинг барысында Қазақстан Республикасының Елшісі Қанат Тумыш Президент Тоқаев Жолдауының негізгі ережелері туралы, оның ішінде «Әділетті Қазақстанды» құру үшін ауқымды саяси реформалар жүргізу, әлеуметтік әл-ауқатты арттыру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» моделін енгізу, цифрлық трансформация бойынша күш-жігерді жандандыру – жасанды интеллект орталығын құру, әлеуметтік әл-ауқатты жақсарту бойынша көптеген шараларды қолдану, энергетика секторындағы инфрақұрылымдар және т.б. туралы хабардар етті.

Атап айтқанда, Президент өз Жолдауында Қазақстанның басты мақсаты орнықты әлеуметтік-экономикалық даму, өз халқының әлеуетін ашу және ұлттық әл-ауқатын арттыру болып табылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Елші 6 қазанда Қазақстан АЭС салу мәселесі бойынша референдум өткізгенін айтып, бұл Президент Тоқаев ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлеке» моделін іске асырудағы маңызды қадамдардың бірі екенін атап өтті. Елшінің айтуынша, референдум нәтижелері қатысушылардың 71,12%-ы атом электр станциясының құрылысын қолдап, дауыс бергенін көрсетті. Осындай нәтижемен Қазақстан жақын арада АЭС салу жоспарын ілгерілететін болады.

Сонымен қатар, Қанат Тумыш журналистер мен ғалымдардың атом энергетикасының артықшылықтары, Қазақстан Үкіметінің әлеуметтік бірлікті қалай қолдайтыны туралы сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанның мемлекеттік жүйесін түсіндірді.

Брифинг жылы және достық атмосферада өтті, оған Вьетнамның жетекші ақпараттық агенттіктерінің журналистері, сондай-ақ ғылыми орта мен бизнестің көрнекті өкілдері қатысты.

17 октября 2024
Қазақстан мен Вьетнам авиациялық ынтымақтастықты кеңейтуде

Ханой, 2024 жылғы 17 қазан – Қазақстан Елшісі Қанат Тумыш ВСР Көлік министрлігі жанындағы Азаматтық авиация агенттігінің Әуе тасымалы департаменті директорының орынбасары Дао Нгок Зунгпен кездесу өткізді. Кездесуге DHT Aviation өкілдері, сондай-ақ «Air Astana» Корея, Гонконг, Макао және Оңтүстік-Шығыс Азия бойынша өңірлік бас менеджері Пэтти Лунг ханым қатысты.    

«Air Astana» авиакомпаниясының Гонконгтағы (Шығыс Азия өңіріне жауапты) өңірлік өкілдігі мен Елшіліктің бірлескен жұмысының нәтижесінде 2024 жылғы 28 қазаннан бастап Алматы – Фукуок – Алматы бағыттары бойынша аптасына 5 рет (түпкілікті) жиілікпен жаңа тұрақты авиарейсті және 2024 жылғы 16 қарашадан бастап Астана – Фукуок – Астана бағыттары бойынша жиілігі аптасына 2 рет (алдын ала) жаңа тұрақты авиарейсті іске қосу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, 2025 жылы Астана – Камрань – Астана, Алматы – Камрань – Алматы, сондай-ақ Алматы – Дананг – Алматы бағыттары бойынша әуе рейстерін іске қосу мәселелері талқыланды.

Вьетнамдық тарап жақын арада қажетті құжаттарды түпкілікті бекітіп, нәтижелері бойынша қазақстандық тарапты хабардар ететініне сендірді.

Кездесу алдағы жылдары екіжақты қарым-қатынастарды сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған жылы, достық атмосферада өтті.

10 октября 2024
Жаһандық инвестиция бойынша қазақстандық дөңгелек үстелі (KGIR-2024)

2024 жылдың 1 қарашасында Астана қаласында «The Ritz Carlton Astana» қонақ үйінде (Достық к., 16) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Абайұлы Бектеновтың төрағалығымен Жаһандық инвестициялар бойынша қазақстандық дөңгелек үстел (KGIR-2024) өтеді. Дөңгелек үстелге 500-ден астам әлемнің түкпір-түкпірінен, жетекші халықаралық компаниялардың, отандық бизнес өкілдері, инвесторлар, сарапшылар және қоғамдық пікір көшбасшылары қатысады.

Форумның негізгі тақырыптары әлемдік нарықтардағы ағымдағы үрдістер мен олардың инвестициялық стратегияларға әсері, сондай-ақ халықаралық капиталды тартудың негізгі факторы ретінде инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне арналған. Пленарлық отырыс барысында қатысушылар жаһандық сын-қатерлер мен жылдам өзгеретін жаһандық ландшафтта тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етудің стратегиялық тәсілдерін талқылайды.

KGIR-2024 халықаралық және отандық бизнес көшбасшылары арасында пікір алмасу, сондай-ақ жаңа іскерлік байланыстарды орнату үшін бірегей платформаны ұсынады.

Іс-шараға қатысу үшін www.kgir.kz сайтында алдын ала тіркелу қажет

27 сентября 2024
Қазақстан Елшісі Вьетнамның қоршаған орта және табиғи ресурстар министрімен кездесті

ҚР Елшісі Қанат Тумыш Вьетнам Социалистік Республикасының Қоршаған орта және табиғи ресурстар министрі До Дык Зюй мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында екі ел арасындағы екіжақты және көпжақты өзара іс-қимылдың кейбір өзекті мәселелері және оның кеңеюі мен даму перспективалары қаралды. Атап айтқанда, екі елдің экология, қоршаған ортаны қорғау, минералдық және табиғи ресурстардың өзге де түрлері, тау-кен өнеркәсібі салаларындағы, сондай-ақ ағымдағы жылғы 11-22 қарашада Баку қаласында өтетін БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі конференциясы (сондай-ақ БҰҰ-ның климаттық саммиті, COP-29) шеңберіндегі ынтымақтастық тақырыбы қозғалды. Министр осы қарашада Әзірбайжан астанасына Вьетнам делегациясының басшысы ретінде баруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

Сонымен қатар, тараптар 2004 жылдың көктемінде Қазақстандағы ірі су тасқыны мен қыркүйектегі «Яги» тайфуны – Оңтүстік-Шығыс Азияға соққан соңғы жылдардағы ең күшті дауыл, сондай-ақ осындай табиғи апаттар жағдайында жедел өзара іс-қимыл мен өзара көмек көрсетудің ықтимал нұсқаларын талқылады. 

Қ.Тумыш До Дык Зюйге ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілері туралы, сондай-ақ ағымдағы жылдың 6 қазанына Қазақстанда Атом электр станциясын салу мәселесі бойынша жоспарланған жалпыұлттық референдум туралы хабардар етті.

Министр Зюи: "Қазақстандағы саяси және экономикалық реформалардың ауқымдылығына, сондай-ақ Қазақстанның оңтүстігінде экологиялық электр станциясын салумен мультипликативтік әсер алатын атомды бейбіт мақсатта пайдалануды кеңейтуден күтілетін үлкен оң практикалық қайтарымға таң қалды", - деп атап өтті. Ол сондай-ақ: "Биылғы жыл 1959 жылы Вьетнамның Тұңғыш Президенті Хо Ши Миннің Қазақстанға сапарының 65 жылдық мерейтойымен атап өтілді. Осы тұрғыда тарихи достық пен кооперацияны ескере отырып, ВСР Қазақстанның бастамаларын қолдайды, тәжірибе алмасуды, ынтымақтастық пен өзара көмекті жүзеге асыруды ынталандырады, сондай-ақ екі бауырлас мемлекеттер мен халықтар арасындағы екіжақты Қазақстан-Вьетнам қатынастарын тереңдетуге ұмтылуды жалғастырады", - деп қосты. 

Кездесу достық, ынтымақтастық және өзара құрмет атмосферасында өтті және өзара кооперацияны сапалы жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы