Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
Hanoi@mfa.kz
Аккаунты соц. сетей:
Тумыш Қанат Қобыландыұлы
Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
Общая информация, образование

Тумыш Қанат Қобыландыұлы 

Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі

1975 жылы 7 қарашада Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

1997 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
1999 жылы – Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік ұлттық университеті (магистратура).

Мансабын 1997 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы Істер Министрлігінің Үшінші департаментінің мемлекеттік хаттама басқармасының референті қызметінен бастаған

 

Карьера

1997-1998 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Үшінші департаменті Мемлекеттік протокол басқармасының референті, атташесі;

 

1998-1999 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің үшінші хатшысы;

 

1999-2001 жж. – Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы (Түркия Республикасы) консулдығының үшінші хатшысы;

 

2001-2003 жж. – Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы;

 

2003 ж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің екінші хатшысы;

 

2003-2005 жж. – Қазақстан Республикасының Венгрия Республикасындағы Елшілігінің үшінші хатшысы;

 

2005-2006 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ұйымдар және қауіпсіздік мәселелері департаментінің бірінші хатшысы;

 

2006-2007 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азиялық ынтымақтастық басқармасының кеңесшісі, бөлім бастығы;

 

2007-2010 жж. – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Жалпыазиялық ынтымақтастық департаментінің басқарма басшысы, директордың орынбасары;

 

2010-2014 жж. – Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі Хатшылығының атқарушы директорының орынбасары;

 

2014-2015 жж. – Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кеңесшісі;

 

2015-2016 жж. – Қазақстан Ресубликасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілдігінің кеңесші-уәкілі;

 

2016-2019 жж. – Қазақстан Ресубликасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары;

 

2019-2023 жж. – Қазақстан Республикасының Оңтүстік Африка Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі;

 

2023 ж. қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары;

 

2023 ж. тамыздан бастап – Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 

 

2024 ж. 26 наурыз – Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігі мен Лаос Халықтық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

 

ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар.

 

Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.

 



Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Тұрақты даму мақсаттары