Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өткізу туралы

Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өткізу туралы

Құрметті отандастар! Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

Қазақстан Республикасының ГФР-дағы Гамбург қаласындағы Бас консулдығы Қазақстан Республикасының Құрылтайына сайлау өтетіні туралы хабарлайды. Дауыс беру Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың 2026 жылғы 1 шілдедегі № 1338 Жарлығына сәйкес өтеді.

Өтетін күні мен уақыты

2026 жылғы 23 тамыз сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (Берлин қ. уақыты бойынша).

Өтетін орны

Гамбург қ. Қазақстан Республикасының Бас консулдығы жанындағы № 509 сайлау учаскесі.

Мекенжайы: Bei Schuldts Stift 3, 20355 Hamburg

Кімдер дауыс беруге құқылы?

Дауыс беруге 18 жасқа толған, ГФР-дің мына федералдық жерлерінің аумағында тұрақты тұратын немесе уақытша жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары жіберіледі:

  • Гамбург

  • Бремен

  • Төменгі Саксония

  • Шлезвиг-Гольштейн

Сайлаушылар тізіміне енгізу тәртібі

№ 509 сайлау учаскесінде дауыс берушілер тізіміне алдын ала енгізу үшін келесі деректерді konsul-hamburg@mfa.kz электрондық поштасына алдын ала жіберуіңізді сұраймыз:

  • Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)

  • ЖСН (ИИН)

  • Туған күні

  • Германиядағы нақты тұратын мекенжайы

Маңызды: Дауыс беру күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты немесе жеке куәлігі болуы міндетті.

Өтініштер үшін байланыс ақпараты:

 

Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Гамбург қаласындағы Бас консулдығы