Қазақстан Республикасының Гамбург қаласындағы Бас консулдығының ашылуына орай салтанатты қабылдау өтті

Қазақстан Республикасының Гамбург қаласындағы Бас консулдығының ашылуына орай салтанатты қабылдау өтті

2025 жылғы 5 мамырда Гамбург қаласында Қазақстан
Республикасының Бас консулдығының ашылуына орай салтанатты қабылдау
өтті.
Іс-шараға Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Түркия, Мысыр, Грекия,
Польша (консулдық корпустың дуайені) елдерінің Бас консулдары, Гамбург
жергілікті парламентінің мүшелері, Германия экономикасының Шығыс
комитетінің өкілдері, Гамбург қаласында аккредиттелген шет мемлекеттердің
Құрметті консулдары, сондай-ақ аймақтың компаниялары, саяси партиялары
мен қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.
Іс-шараның ашылуында Қазақстан Республикасының Елшісі Н.
Онжанов Гамбург қаласы мен жалпы Германияның солтүстік өңірінің
екіжақты экономикалық байланыстарды, мәдени және ғылыми
ынтымақтастықты дамытудағы жоғары маңыздылығын атап өтті. Сауда,
логистика және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мақсатында өңіраралық
өзара іс-қимылды тереңдетудің өзектілігіне ерекше назар аударылды.
Ашылуында сөз сөйлеген Мемлекеттік кеңесші және федералды
үкіметтің, Еуропалық Одақтың және сыртқы істер жөніндегі Гамбургтің
еркін және Ганзалық қаласының өкілетті өкілі Л. Ассманн өз кезегінде
Гамбург Үкіметінің кәсіби консулдық өкілдіктің ашылуына берген "өте
жоғары маңыздылығын" атап өтті және екіжақты қатынастардың нығаюына
сенім білдірді.

Саясаткер "Гамбург Қазақстан үшін портқа қарағанда көбірек, Гамбург
инвестициялар, сауда, инфрақұрылым мен логистиканы дамыту үшін
стратегиялық пункт, ортақ болашақты қалыптастыру орны болып
табылады" деп атап өтті.
Л.Ассманнның айтуынша, Гамбург "логистикалық инфрақұрылымды
кеңейту, цифрландыру және экономикалық ынтымақтастықты дамыту
салаларында Орталық Азиядағы ең қуатты елмен ынтымақтастықты
нығайтуды өзіне мақсат етіп отыр";.
Осылайша, саясаткер атап өткендей, "Қазақстан Республикасының Бас
консулдығының ашылуы қазақ-герман және қазақ-еуропалық қарым-
қатынастарды тереңдетуге маңызды алғышарт болады".
Іс-шара барысында қазақстандық және неміс композиторларының
классикалық және халық шығармаларынан музыкалық нөмірлер орындалып,
қонақтарға дәмді тағамдар мен сусындар ұсынылды.
Аталған ақпарат атқарылған жұмыс жөніндегі есеп тәртібімен
хабарланады.