Гаагадағы Тұрақты Арбитраждық Соты халықаралық дауларды бейбіт шешуге ықпал етеді

Гаагадағы Тұрақты Арбитраждық Соты халықаралық дауларды бейбіт шешуге ықпал етеді

Гаага, 2024 жылғы 19 желтоқсан Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Қайрат Әбдірахманов Тұрақты Арбитраждық Сотқа (ТАС) барып, оның Халықаралық Бюросының Бас хатшысы Елші Марчин Чепалакпен кездесті, сондай-ақ бұл мемлекеттер арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешуге арналған әлемдегі ең көне механизмнің тарихымен, құрылымымен және қызметімен танысты. ТАС төрелік істерді әкімшілік тұрғыда қолдаумен қатар, медиация, келісім рәсімдері және дауларды баламалы шешудің өзге де түрлері бойынша қызметтер көрсетеді.

1899 жылы бірінші Гаага бейбіт конференциясы барысында құрылған Соттың қазіргі таңда ТАС-тың екі конвенциясына – 1899 жылғы және 1907 жылғы құжаттардың біреуне немесе екеуіне де қосылған 124 мүше тараптар бар. Мемлекеттер және шетелдік инвесторлармен арасындағы байланысты даулар бойынша, сондай-ақ қоршаған орта мәселелері бойынша жүргізілетін төрелік істер тараптар үшін ерекше қызығушылық тудырады. ТАС осындай дауларда арбитрлерді тағайындау органының рөліне ие болуы мүмкін, өз арбитраждық ережелерін пайдалана отырып немесе арбитраждық іс жүргізуде көмек көрсету арқылы.

М.Чепалак Халықаралық қаржы орталығы Астанадағы арбитраждық соттың қызметіне қызығушылық танытты, ол туралы бұған дейін К.Абдрахманов хабардар еткен болатын.

Бас хатшының мәліметіне сәйкес, егер елдер ТАС-тың негізін қалаушы құжаттарына қосылса, олар ТАС-тың Әкімшілік кеңесінің отырыстарына қатысуға, Тұрақты Арбитраждық Соттың мүшелерін тағайындауға, сондай-ақ оның мүшелерімен қабылдаушы ел мәртебесі туралы келісімдер жасауға мүмкіндік алады. Бұл жаңа мүше елдер үшін өз аумағында арбитраждық рәсімдерді дамытуға үлкен перспективалар ашады.

ТАС «Астана» Халықаралық қаржы орталығының соты және Халықаралық төрелік орталығы қызметіне қызығушылық танытты.