Қазақстан мен Нидерланд СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Қазақстан мен Нидерланд СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы

Нидерланд тарапының бастамасымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Нидерланд Корольдігінің Сыртқы істер министрі Ханке Бруинс Слотпен телефон арқылы сөйлесті.

Сұхбат барысында тараптар екіжақты саяси және сауда-экономикалық байланыстарды нығайту жолдарын, сондай-ақ көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады. Шенген аймағында ҚР азаматтары үшін визалық режимді жеңілдету мәселелеріне бөлек назар аударылды.

Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тұрақты диалогты жалғастыруға уағдаласты.