Амстердамда «Петроглифтер. Тамға және көне түркі жазуы» атты халықаралық көрменің тұсаукесері өтті

Амстердамда «Петроглифтер. Тамға және көне түркі жазуы» атты халықаралық көрменің тұсаукесері өтті

2023 жылғы 14 қыркүйекте Нидерланд Корольдігінің астанасында Қазақстан, Әзербайжан, және Түркияның Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінің қолдауымен Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Юнус Эмре институтымен бірлесе ұйымдастырылған іс-шараға Түркі мәдениеті және мұрасы халықаралық қорының Президенті Гюнай Эфендиева, Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев, Әзербайжан Елшісі Рахман Мустафаев, Түркия Елшісі Селчук Унал, Юнус Эмре институтының басшысы Адил Акалтун, түркі елдерінің жергілікті диаспора белсенділері, дипломаттар, өнерсүйер қауым, сарапшылар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Салтанатты рәсімнің ашылуында сөз сөйлеген Г.Эфендиева мәдени байланыстардың түркі жаңғыруындағы ролін атап өтіп, қонақжайлылық көрсеткен тараптарға алғыс білдірді.

Сөз кезегін алған Әзербайжан Елшісі Р.Мустафаев ортақ тарих, тіл мен дініміздің халықтарымызды жақындастыратынын атап өтіп, алдағы уақытта да ортақ шараларды жиі өткізіп тұруға шақырды.

Кездесуде Қазақстан Елшісі А.Жұмағалиев жиналғандарға Түркі әлемінің ынтымақтастығы, бірлігі мен келешегі туралы сөз қозғап, өзара сенім, достықты нығайтудағы осындай іс-шаралардың маңыздылығының атап өтті.

Сонымен қатар Қазақстанның көпвекторлы саясатында ерекше орынға ие түркі бағытының роліне тоқталып, еліміздің Конституциясына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауына тоқталып өтті.

Түркі әлемінің ортақ мұраларын сақтау және насихаттау маңыздылығына тоқталған Түркия Елшісі С.Унал  ортақ мұраны зерделеу үшін тарих пен тілді бірлесіп үйренуге деген ықыласымызды қуаттады.

Тараптар платформа ұсынған Юнус Эмре институты мен оның басшысы А.Акалтунға ерекше алғыс айтылып, көп ғасырдан бе­рі сақталып келе жатқан мә­дениет пен дәстүрлер туралы ақпараттарды белсенді та­ратуды қамтамасыз етуге бірлескен ниеттерін білдірді.

Мәдени бағдарламаның жалғасы ретінде көрмеге келушілерге көне түркі жазуы бойынша мастер-класс өткізіліп,  жиынға қатысушылар түркі бірлігі төңірегінде өз ойларымен бөлісті.