ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 130 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН «ӨЛМЕС МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ПОЭЗИЯ ӘДЕБИ КЕШІНЕ АНОНС

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВТЫҢ ТУҒАНЫНА 130 ЖЫЛ ТОЛУЫНА АРНАЛҒАН «ӨЛМЕС МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДАҒЫ ПОЭЗИЯ ӘДЕБИ КЕШІНЕ  АНОНС

ҚР Нидерланд Корольдігіндегі Елшілігі және Yunus Emre Institute-нің қолдауымен «ЮНЕСКО қамқорлығындағы мәдениеттерді жақындастыру орталығы» Қазақстан мәдениет ғылыми-зерттеу институты Сіздерді Мағжан Жұмабаевтың туғанына 130 жыл толуына арналған «Өлмес мұра» тақырыбындағы поэзиялық әдеби кешке шақырады.

Кеш ұйымдастырушылары мен қатысушылары TURKSOY жанындағы Түркітілдес мемлекеттер Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, Халықаралық мәдениетті жақындастыру орталығы директорының орынбасары Салтанат Әшімова, Халықаралық мәдениетті жақындастыру орталығы филиалының директоры Үмітхан Мұналбаева, С. Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облысының әмбебап ғылыми кітапханасының басшысы Бейбітгүл Әбілмажинова, Қазақстан Республикасы Ұлттық Академиялық кітапханасының басшысы Ғазиза Нұрғалиева, кітапханалар мен мәдениет саласындағы зерттеу орталықтарының ғылыми қызметкерлері: А. Сайдембаева, М. Шарипова, П. Лапо, Е. Мертенов, Б. Смағұлов және т. б.

Сіздерді Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері мен әндерінің сұлулығын сезінуге, көрнекті қазақстандық қайраткерлердің өнерін тамашалауға және халықаралық кітап көрмесіне қатысуға шақырамыз.

 

Өткізу күні: 2023 жылғы 22 тамыз, сағат 16: 00.

 

Өтетін орны: Юнус Эмре институты (Yunus Emre Instituut – Amsterdam) Johannes Vermeerstraat 18, 1071 Dr, Амастердам, Нидерланды.