Қазақстанның Нидерландтағы Елшілігі «Red Tulip» қорымен және «Қазақфильм» АҚ-мен бірлесіп, Нидерландтағы муниципалитеттердің қолдауымен 9-шы «Red Tulip» кинофестивалі аясында көркем фильмдердің көрсетілімін ұйымдастырды.
«Red Tulip» кинофестивалі Нидерландта 18 толықметражды және 10 қысқаметражды фильмдерден тұратын топтаманы көрсететін көктемнің сүйікті дәстүрі болып табылады.
Көрсетілімге қазақстандық кинематографияға қызығушылық танытқан азаматтар қатысты.
Фильмнің көрсетіліміне Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Елшісі Асқар Жұмағалиев, Елшілік қызметкерлері және Қазақфильм АҚ-ның Халықаралық жарнама бөлімінің басшысы Лаура Сабанбаева сөз сөйледі.
Көрсетілім соңында Yunus Emre университетінің өкілі Булент Эврен қазақстанның өкілдері атынан танытқан ынтымақтастығы үшін алғысын білдіріп, фестиваль аясында әлеуметтік маңызы бар фильмдерді көрсетудің маңыздылығын атап өтті. Фестивальде көрсетілген қазақстандық фильмдер Қазақстан тарихындағы маңызды әлеуметтік мәселелерді қозғайтынын және бұл драманың жанұялық құндылықтар туралы ойланатынын атап өтті.
Өз тарапынан «Қазақфильм» АҚ өкілі Лаура Сабанбаева айтылған сөздерді қолдап, түрлі халықтардың мәдени ерекшеліктерінің тәжірибесімен бөлісу және осындай халықаралық кинофестивальдердің арқасында мәдениет аралық ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Көрсетілімге келген қонақтар экранизацияланған фильмдер туралы шығармашылық әңгіме өрбітіп, өздеріне әсер еткен сәттерді талқылап, эмоцияларымен бөлісті.
Сондай-ақ кинофестиваль аясында панельдік пікірталас өткізіліп, оның арқасында жергілікті жұртшылық түрлі фильмдердің режиссерлерімен және актерлерімен сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Елшілік қызметкерлері қызықты фильмдер көрсетілімінен бөлек, кино әлеміне елеулі үлес қосқан тұлғаларға марапаттау рәсіміне қатысты.
Көрсетілім соңында Асқар Жұмағалиев бұл фестивальдің мәдени алмасу алаңы қызметін атқарып, әртүрлі халықтардың алуан кинематографиялық өнерлерін түсінуге және бағалауға үлес қосатынын атап өтті.