Нидерланд елі саяхатшыларды қайтадан құшақ жая қарсы алуға дайын

Нидерланд елі саяхатшыларды қайтадан құшақ жая қарсы алуға дайын

Нидерланд Корольдігінің үкіметі COVID пандемиясына байланысты елге кіретін азаматтарға қойылатын шектеулердің барлығын алып тастады.

«Нидерланд Үкіметі 2022 жылдың 17 қыркүйегінен бастап ЕО-қа кіруге қойылған шектеулерді Нидерланд елі үшін алып тастау туралы шешім қабылдады. Нидерланд еліндегі қазіргі  эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, үкімет ЕО аумағына кіру үшін қойылған шектеу енді Нидерланд еліне қатысты болмайды деген шешімге келді», - деп хабарланған ел Үкіметінің хабарламасында.

Еуропалық комиссия 2022 жылдың күзінде Еуропалық одақ аумағына кіру ережелерін қайта қарау туралы ұсынысты жария етуді жоспарлап отыр.

Енді ел үкіметінің шешеміне сай, 2022 жылдың 17 қыркүйегінен бастап, COVID-19 вирусына байланысты қойылған шектеу мен тыйымдар Нидерланд еліне кіретін, соның ішінде, ЕО немесе Шенген аймағына кірмейтін елдерден келетін саяхатшыларға қолданылмайды.

Эпидемиологиялық ахуал нашарлаған жағдайда ел үкіметі шектеу шараларын қайта қарастырады.