Қазақстан Гаагада өз мәдениетін таныстырды

Қазақстан Гаагада өз мәдениетін таныстырды

Нидерландтағы Қазақстан Елшілігі  Гаагада өткен Елшіліктер Фестивалінде еліміздің мәдениетін, сондай-ақ, отандық шеберлердің қолөнерлерін таныстырды.

3 қыркүйек күні Гаагада жылдың ең маңызды мәдени шараларының бірі – Елшіліктер Фестивалі өтті. Іс-шара аясында  Қазақстанды қоса алғанда, 55 елдің өкілдері бір алаңға бас қосты.

Біздің елдің Елшігілі импровизацияланған киіз үй тігіп, оның ішіне тиісті атрибуттар қоя отырып, еліміздің ұлттық бояуларын паш етті. Келген қонақтар шапан мен камзол, сәукеле мен тақия киіп көріп, ыстық бауырсақ, тәтті қытырлақ, құрт пен чак-чактан дәм тәтті.

Шетелдік қонақтар киіз үй түрінде жасалған фотоаймаққа қызыға қарап, оған жоғары баға берді.

Сонымен қатар, екінші стендте Қазақстан суретшілерінің, иллюстраторлары мен қолөнершілерінің туындылары сатылымға шықты.

Қазақтың мәдениетімен танысқан қонақтардың көбі елімізге одан сайын қызыға түсіп, жақын арада Қазақстанға сапар жасаймыз деген ниеттерін білдірді.