Қазақстан Елшісінің Auto Recycling Nederland (ARN) компаниясымен кездесуі

Қазақстан Елшісінің Auto Recycling Nederland (ARN) компаниясымен кездесуі

Брёкелен, 2022 жылғы 28 маусым - Қазақстан Республикасының Нидерландыдағы Елшісі Асқар Жұмағалиев Утрехт маңындағы Брёкелен қаласына болып, ARN бас директоры Пол Дицпен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстанның Париж климаттық келісімі аясында атмосфераға зиянды шығарындыларды кезең-кезеңімен қысқарту және 2060 жылы көміртекті бейтарап статусқа қол жеткізу ниеті атап өтілді.

«Жеңіл және ауыр жол көліктерді қайта өңдеудің, қайта өңдеу процесінде алынған қайталама шикізатты жаңадан іске жаратудың заманауи жүйесін құрудағы нидерландтық тәжірибе Қазақстан үшін үлкен қызығушылық тудырады», - деді А.Жұмағалиев.

Өз кезегінде П.Диц ARN қызметі, ұйымның құрылымы және көліктерді қайта өңдеу процесі туралы презентация жасады. ARN басшысының айтуынша, «бүгін біз автомобильдер мен аккумуляторларды жоғары сапалы қайта өңдеуді қамтамасыз ететін 300-ден астам серіктес компанияларды біріктіреміз». Бұл үдерістегі ARN рөлі - өндірістік процестің дұрыс үйлестірілуі мен үздіксіздігін қамтамасыз ету, консультациялық және қажет болған жағдайда қаржылық қолдау көрсету болып табылады.

Сонымен қатар, қазақстандық делегация «Verwey» автомобильдерді қайта өңдеу зауытында болып, өндірістік процеспен тікелей тікелей танысты.

Анықтама: дереккөздерге сәйкес, Нидерланд Корольдігінде автокөліктерді қайта өңдеу кәсіпорындары жыл сайын 205 мыңнан астам автокөліктен 215 миллион келіге жуық түрлі материалдар алып шығарады.