Асқар Жұмағалиев Нидерландтық сарапшылармен Қазақстандағы урбанизация мәселелерін талқылады

Асқар Жұмағалиев Нидерландтық сарапшылармен Қазақстандағы урбанизация мәселелерін талқылады

Роттердам, 2022 жылғы 24 маусым - Қазақстанның Нидерландтағы Елшісі Жұмағалиев Роттердам университетінің Тұрғын үй құрылысын зерттеу және қалалық даму институтының (IHS) басшылары Кис ван Ройен және Пол Рабэмен кездесті.

"Қазақстан өсіп, дамып келеді. Бүгінгі таңда біздің 3 мегаполисіміз: Нұрсұлтан, Алматы және Шымкент бар. Елдің мәдени, іскерлік және саяси өмірі осы қалаларда шоғырланған. Мұндай серпінді даму алдыға қаланы дұрыс жоспарлау міндетін қояды. Роттердамдағы инфрақұрылым мен тұрғын үй құрылысының дамуына қарап біз сіздің тәжірибеңізді зерттеп, оны Қазақстанда қолдана алар едік деп ойлаймын", - деді Асқар Жұмағалиев IHS басшылығымен кездесу барысында.

 

Сондай-ақ, ол аталған тармақтардан басқа, Қазақстан өзінің кейбір облыстарындағы көктемгі су тасқыны мен құрғақ жазын ескере отырып, Нидерландтың су менеджменті саласындағы тәжірибесіне қызығушылық танытатынын атап өтті.

Білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін атай отырып Елші Корольдіктің белсенді ынтымақтастық орнатқан бірқатар ірі жоғары оқу орындарының тізімін берді, әрі осы университеттердің әрқайсысы өз саласында көшбасшы болып табылады. Бұдан басқа, Erasmus University Medical Center (Эразмус Медуниверситеті) қазақстандық студенттерге тұрғын үй мен тамақтану шығындарын толық өтейтін шәкіртақы ұсынды.

"Сіздің институтыңызбен жан-жақты ынтымақтастық жасаймыз деп үміттенемін", - деді ол.

IHS басшылығы Асқар Жұмағалиевтің Қазақстанмен байланыс орнатуға деген қызығушылығын құптады. Кооперация жақын арада егжей-тегжейлі талқыланады деп күтілуде.

Times Higher Education Ranking хабарлағандай, Роттердам университетінің Тұрғын үй құрылысы мен қаланы дамытуды зерттеу институты (IHS) Еуропа мен әлемнің үздік университеттерінің рейтингіне енеді (Еуропалық рейтингте 21 орын және әлемдік рейтингте 72 орын). ЖОО-да әлемнің 45 елінен келген студенттер білім алуда. IHS білім беру жүйесінің ерекшелігі - студенттер теориялық білім алумен қатар, ірі компаниялармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, оларды тәжірибеде де белсенді қолдана алады.

IHS қала құрылысы саласындағы магистр дәрежесін де, қысқа мерзімді курстар да ұсынады.

Осы университетте оқи отырып, қазақстандық студенттер қалаларды ағымдағы мәселелер мен болашақтың сын-қатерлерін ескере отырып сауатты жобалауға көмектесетін сапалы білім мен тәжірибе алады.