Қазақстандықтар әлемдегі су инженерия саласындағы ең үздік ЖОО-да білім ала алады

Қазақстандықтар әлемдегі су инженерия саласындағы ең үздік ЖОО-да білім ала алады

Делфт, 2022 жылғы 17 маусым - Қазақстандықтар әлемдегі су ресурстары саласындағы ең ірі халықаралық жоғарғы оқу орны болып саналатын IHE Delft Institute for Water Education университетінде білім ала алады. Екі тарап - Қазақстан мен ЖОО басшылығы ретіндегі нидерландтық тарап ынтымақтастыққа мүдделі екендерін танытты.

«Біздің университет магистранттарға арналған екі жылғы курстармен қатар, қысқа мерзімді оқу түрлерін ұсынады. Оқудың жартысы онлайн режимде өтеді. Екі жыл өткен соң, яғни, оқудың теориялық базасы аяқталған соң, біз тәжірибеге ауысып, студенттермен бірге су ресурстары мен инженерия саласындағы зерттеулер жүргіземіз», - деді Жоғарғы оқу орнының ректоры Эдди Мурс.

Университеттегі оқу негізгі төрт бағыт бойынша өтеді: Water Hazards, Risks and Climate; Water and Health; Water, Food and Energy; Water Resources и Ecosystem Health. Осы мамандықтарды әртүрлі профильдер арқылы оқуға болады: Инженерия мен гидрология, Басқару және менеджмент, Қоршаған орта немесе Цифрлы технологиялар мен инновациялар. Сонымен қатар, студенттер нақты жеке мүдделері мен сұраныстарына орай өздерінің жеке бағдарламасын жасап оқи алады.

«Нидерланд Корольдігі сөзсіз су инженерия саласындағы көшбасы ел. Елдің жарты аумағы Солтүстік теңіздің бір бөлігін құрғатып, 30 шақырымдық Afsluitendijk дамбасын салу арқылы алынғаны белгілі. Бұдан өзге, технологияны дамыту мен жоғары технологиялы шешімдердің арқасында БАӘ-дегі жасанды Пальма аралын жергілікті мамандар жасап шығарған. Біздің студенттер осы жоғарғы оқу орнында теңдессіз тәжірибе мен сапалы білім алатынына өте қуаныштымын», - деді Елші IHE DELFT өкілдерімен кездесуі кезінде.