Қазақстанның Елшісі De Jong Combustion компаниясымен кездесті

Қазақстанның Елшісі De Jong Combustion компаниясымен кездесті

2022 ж. 18 мамырында Қазақстанның Нидерландыдағы Елшісі А.Жұмағалиев Шидам қаласында орналасқан голландиялық «De Jong Combustion» компаниясының бас кеңсесіне барды. Аталған компания, басқа да компаниялармен бірге,  Атырау облысындағы жылына 500 мың тонна пропилен өндіретін бірінші интеграцияланған газ-химиялық кешеннің құрылысы мемлекеттік жобаны жүзеге асыруға атсалысады.

Кездесу барысында компанияның иесі Альберт де Йонг компанияның Нидерландыдағы және Қазақстандағы, сондай-ақ халықаралық бизнес аренадағы қызметі туралы хабардар етті. Бұл компанияның негізгі мамандануы ілеспе газ мен мұнайды жағу арқылы энергия өндіруге арналған өнеркәсіптік қондырғыларды жасап-шығару, ал компанияның бұл бизнестегі әлемдік үлесі 35%-ға жетеді.

Әңгіме барысында Қазақстандағы және жалпы Орталық Азиядағы De Jong Combustion бизнесінің даму перспективалары, энергетика саласын дамытудың жаһандық үрдістері және атмосфераға СО2 шығарындыларын азайту технологияларын дамытудың маңыздылығы талқыланды.

Анықтама De Jong Combustion 1877 жылы қаланған, бүгінде 230 қызметкері бар жылдық айналымы шамамен 60 миллион еуроны құрайтын компанияға айналды. Компанияның ұраны: «Дәстүрлі тәсілдер нәтиже бермеген кезде жаңа шешімдерді табыңыз». De Jong Combustion туралы толығырақ: https://dejong.nl/?lang=en